13 Декабрь
11:29
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
15 қыркүйек 09:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кішкентай қыз бен кенгуру достығы жүрек тербейді
АҚШ-тың Солтүстік Вирджиния штатында бір жарым жастағы кішкентай қыз бен кенгуру баласының достығы қатты таң қалдырады. Бұл туралы «Вести.Ru» хабарлады.


«Мысықтар мен күшіктер – біз көріп жүргендердің ішіндегі ең таң қаларлығы емес. Ал америкалық кішкентай қыз бен үйдегі асыранды кенгуру баласы арасындағы достық ешкімді бей-жай қалдыра алмас еді», – деп жазады басылым.

Туғанына бір жарым жыл енді толатын Алия Хекаторн Солтүстік Вирджинияда тұрады. Ол туғаннан бастап дерлік Бумиру есімді кенгуру баласымен дос болып келеді. Олар тамақты бірге жейді, бірге қыдырады, тіпті киімдерін де бірдей етіп киеді.

Қыздың ата-анасы Джулия және Джейсон Хекаторндар өз үйлеріне кенгуру баласын танымдық мақсатта әкелген екен. Мәселе мынада, Джулия жан-жануарлар туралы мақалалар, әңгімелер жазып, кітаптар шығарады, осы жинақтарын өзі безендіреді. Мұны ол қоршаған орта туралы балаларға әңгімелеп беру үшін жасайды. Ал Бумиру оның кітаптарындағы персонаждардың бірі көрінеді.

Дереккөз: ras.kz
нравится:    1370
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии