Әлем жаңалықтары
29 қаңтар 11:23
Кітап жазған қылмыскерлердің жаза мерзімін қысқартады


Абақтыда отырған румыниялық қылмыскерлер жаппай ғылыми еңбектер жазып жүр. Әр жазған кітабы үшін жаза мерзімін 30 күнге қысқартады. Былтыр румыниялық тұтқындар 340-тан аса ғылыми еңбек жариялаған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 4 есеге артық. Қылмыскерлердің осындай ғылымға құмарлық танытқаны прокурорларды да қызықтырған. Соңғы бірнеше айда елде парақорлықпен күрес күшейіп, көптеген жоғары лауазымды саясаткерлер мен кәсіпкерлер түрмеге тоғытылған болатын. Әйтсе де олардың ақша төлеп, өз атынан өзгеге кітап жаздыруға да мүмкіндіктері бар. Енді прокурорлар тұтқында отырғандардың шығармаларын, ғылыми жетекшілік еткен университет ұстаздарын тексеруге кірісті.

 
Дереккөзі: http://www.islam.kz/

Комментарии




Яндекс.Метрика