19 Август
15:15
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
25 тамыз 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі

Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Көпшілігіміз қиярды күнделікті тұрмыста жиі пайдаланғанымызбен, оның пайдасы жайында біле бермейміз. Артық салмақ тастап, терінің әдемілігін сақтап қалғысы келгендер, бұл көкөністі күнделікті пайдаланғаны жөн. Қиярдың бұдан басқа да ағзаға тигізер пайдасы жетерлік. Олай болса толығырақ тоқталып өтейік.
1. Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарады
Қияр 95% судан құралған. Сонымен қатар қиярдың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер (С, В) бар.
2. Диета кезінде пайдалануға болады
Артық салмақтан арылғысы келгендер қиярды жиі пайдаланғандары дұрыс. Өйткені оның құрамында ағзадағы көмірсуларды майға айналдыруға жол бермейтін тартронды қышқыл бар. Жаңа піскен қиярдың құнарлылығы – 13,5/100ккал/гр.
3. В витаминінің көзі
Қияр В тобындағы витаминдердің көзі (В1, В2, В3, В6, В9). Сондықтан да оны күнделікті ас мәзіріңізде қолдану керек.
4. Ауыздағы жағымсыз иісті жояды
Егер сізді аузыңыздың жағымсыз иісі мазаласа, онда қияр оны жоюға көмектеседі. Көкөністің бір тілімін 30 секунд аузыңызда ұстап тұрсаңыз, жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
5. Көптеген аурулардың алдын алады
Қияр қатерлі ісік дертінің пайда болу қаупін төмендетеді. Сонымен қатар қанның құрамындағы холестерин деңгейі мен қан қысымының бірқалыпты болуын реттейді. Қияр шырыны ұйқы безінің инсулин бөліп отыруына көмектесетін гормоннан тұрады. Сондықтан да бұл көкөніс сусамырмен (диабетик) қиналатындар үшін таптырмас дәрумен.
6. Тері және шашқа арналған керемет құрал
Күнге күйгенде немесе терінің тітіркенуі кезінде қиярды қолданған жөн. Көкөністің сыртын тазалап, терінің зардап шеккен жеріне қою керек. Сонымен қатар, қияр маскасы теріні ағартуға да көмектеседі. Ол үшін кесілген қиярды бет терісіне қойып, бірнеше уақыт ұстау керек. Ал, қиярдың құрамындағы кремний мен күкірт шаштың өсуіне қуат береді.
7. Целлюлитпен күреседі
Целлюлитпен күресіп жүрген адамдар үшін суды көп ішу маңызды. Жоғарыда айтқандай, қиярдың 95% су құрайды.

Дереккөзі: baq.kz
нравится:    1382
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии