24 Сентябрь
07:35
Астана: 1 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Кербез
22 қаңтар 14:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қияр - В дәруменінің қайнар көзі
Қияр көптеген ауруға қарсы күреседі

1. Ағзадан зиянды заттарды шығарады.

Қиярдың 95%-ы судан тұрады. Ал су ағзадағы зиянды заттарды шығаратынын білесіздер. Сонымен қатар бұл көкөністің құрамында дәрумендер көптеп кездеседі. Егер сатып алған қиярыңыздың ешқандай химикатсыз өсірілгеніне сенімді болсаңыз, сыртын тазаламай-ақ қойыңыз. Өйткені ол С дәруменіне өте бай.

2. Диета ұстаған кезде жеуге болады.

Артық салмақтан арылғысы келетін жандарға жеуге болады. Қиярдың құрамына көмірсулар мен майды қалыпты ұстайтын тартрон қышқылы кіреді. 

3. В дәруменінің қайнар көзі.

Қияр – В тобындағы дәрумендердің қайнар көзі (B1, B2, B3, B6, B9). Сол себепті оны күн сайын тұтынуға болады.

4. Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді.

Егер аузыңыздың жағымсыз иіс шығатын болса, онда онымен күресуге сізге қияр көмектеседі. Бұл көкөністің кішкентай бөлігін аузыңызда 30 секунд ұстасаңыз, жағымсыз иіс шығаратын бактерияларды жоясыз.

5. Қатерлі ісіктің алдын алады.

Қияр қатерлі ісік ауруының да алдын алады. Сонымен бірге қандағы холестирин мөлшерін азайтып, қысымды қалыпқа келтіреді. Оны көбіне сусамырлар тұтынады.

6. Тері мен шашыңызға да пайдалы.

Теріңіз күнге күйіп кеткен жағдайда қиярды қолданыңыз. Көкөністі тазалап, теріңіздің күйген жеріне қойыңыз. Осындай жолмен сіз қабынудың алдын аласыз. Егер теріңізді ағартқыңыз келсе, онда қиярдан маска жасаңыз. Қиярдың құрамындағы кремний мен күкірт шашыңыздың өсуіне де көмектеседі. Қиярды өзіңіздің ас мәзіріңізге қосуды ұмытпаңыз.

7. Целлюлитке қарсы күреседі.

Целлюлитке шалдыққан адамдарға суды көп ішу керек. Ал қиярдың құрамында ағзаны зиянды заттардан тазартатын су мөлшері көп.
нравится:    1513
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии