22 Август
11:32
Астана: 24 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Туризм
1 наурыз 16:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қиын-Керіш- "әлемнің сегізінші кереметі" (фото)


Қазақстанда адам таңғаларлық жерлері көп.  Солардың бірі Қазақстанның шығысында орын тепкен Қиын-Керіш шатқалы.
Голливудтың «Марсианин» фильмінен кейін көптеген әлемдік интернет-ресурстар Жердегі Марсқа ұқсас мекендердің тізімін құрады. Барлық тізімде Қазақстанның Қиын-Керіш шатқалы көш басында тұр деп жазады "Экспресс К" басылымы. 



Зайсан көлінің солтүстігінде Құйған, Аманат, Ақсуат, Мөнекей, Жолнұсқау сияқты ауыл­дар тұрғындары ежелден балықшылықты кәсіп етеді. Көлдің солтүстік шығысында Қиын керіш деген геологтар мен табиғат танушыларды, археологтарды жіпсіз байлайтын жер бар. Бұл атырап туралы да ғалымдар мен натуралист жазушылар ара-тұра жазып жүр. Қиын-Керішке барарда Қарабүйрек шоқысы мен мұндалайды. 




Осы жота қып-қызыл болып көз тартады. Неге олай? «Топырағы неге қызыл?» деген сауал өзінен өзі туындайды. Геологтар бұл араны «балқып жатқан адырлар» деп те атайды. Қарабүйрек шоқысының қарасы көрінгеннен-ақ түрлі түске еніп, сағым ойнайды. Жақындаған сайын от шашқан сияқты көрінген адырлар айқын көріне бас­тайды. Сағымдар «қисық айнаға» түскендей құбылады. 




Жалт-жұлт еткен отты ұшқын көзді арбайды. Расында таңғаларлық-ақ. Осының бәрін сөзбенен айтып жеткізу қиын. Бейне бір отты адырларға әлемнің барлық жұлдыздары жауып, енді торға түскен балықтар сияқты тыпырлап, көз қызықтырар сәулесін шашып, аспанға ұшып кеткелі жатқандай көрінеді. Нағыз – «Жатпланеталық пейзаж». Ғажайып адырларға қадам басқанда түс көріп немесе ертегі әлемінде жүргендей сезінесің. Көре келе жарқыраған жұлдыздардың да құпиясы ашылады. Оның өзі жарық шашқан күн нұрымен шағылысқан друзалар (бір негізді кристалдар тобы) мен олардың жарықшақтары екен. 
Бұл дегеніңіз, геологиялық Зайсан Колорадосы немесе әлемнің кереметі – Қиын керіш.
«Мұнда әр келген сайын ке­ріштер әр қырынан көрінеді», – деп жазады жазушы Борис Щербаков.
 
Зайсанның бұл керіштері шөгінді жыныстардан пайда болған. Миллиондаған жылдар теңіз бен көл түбінде жатқандықтан, әр түрлі химиялық құрамдағы қатпарлар қабаттаса берген. Әр геологиялық дәуір өз қолтаңбасын, өз бояуын қалдырып отырған. Мейірімді күн нұрын төгіп, көк жасаң нуға оранды, пальмалар мен папоротниктердің орнын қылқан жапырақты ормандар басқанын да бастан кешірді. Олардың керіштер мен тасқа түскен бедерлері бүгінгі бізге жазылған хаттай таңбаланып қалды. Осы арадан алып тасбақалар мен жыландардың қаңқалары сияқты өте ертедегі тропикалық кезең фаунасы мен флорасының белгілері болып бізге жетті. Алып жануарлар мен құстар зулаған ғасырлармен бірге кетті. Қаһарлы суық климат пен құрғақшылықтар да өте шықты. Қазіргі өсімдіктерге ұқсас табиғат әлемі де осы арада үстемдік құрды. Уақыт өте келе біздің планетамыз жаңаша жасанып шыға келді. Артынша осы алапты мұз құрсауы басып жатты. 




Ерекше табиғатымен тамсандыратын Қиын-Керіш шатқалы туристерді тартуда зор әлеуетке ие.


Интернет материалдары негіздерінде әзірленді
нравится:    2154
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии