Әлем жаңалықтары
8 маусым 09:47
Клинтон президенттік сайлауға қатысу үшін қажетті дауыс жинады


Хиллари Клинтон Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсыну үшін делегаттардың қажетті дауыстарын жинады. Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлайды.

Оның басты қарсыласы Берни Сандерс бұқаралық ақпарат құралдарын дауыс санаумен айналыспай, шілдеде өтетін ұлттық партиялық съездің қорытындыларын күтуге шақырды. Ал Республикашылдар партиясынан АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысатын жалғыз ғана үміткер Дональд Трамп болып отыр. Айта кеткен жөн, саяси дода биыл 8 қарашада өтеді деп жазады 24kz.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика