|    |  
23 тамыз 2019
16:28
қаз
Кофе-шоколад кексі
18 сәуір 2017, 10:48 30

Дәл қазір тәттіге құмартып тұрсыз ба? 2 минут уақытыңызды бөлсеңіз болғаны, тез-ақ дәмді кекс жасап жей аласыз. 90 секундта микротолқынды пеште кофе-шоколад кексін әзірлеп көріңіз!

Құрамы:

 3 ас қасық ұн;
 1 ас қасық ұнтақ кофе;
 2 ас қасық какао үгіндісі;
 3 ас қасық қант;
 ¼ шай қасық қопсытқыш;
 2 ас қасық сүт;
 1 жұмыртқа;
 2 ас қасық өсімдік майы;
 ½ шай қасық ванилин

Дайындалуы:

Белгіленген мөлшерде ұн, кофе, какао, қант пен қопсытқышты салып, ыдыста араластырамыз. Содан кейін сүт, жұмыртқа, май мен ванилин қосып, біркелкі болмайынша шаңышқымен көпіршіте береміз.
Енді стақанды майлап, қоспаны жайлап, мұқият құямыз. Кейін микротолқынды пешке қою керек. 90 секундке кекс дйаын болады. Дастарқанға қояр алдында қант ұнтағын сеуіп қоюға болады.

http://anabol.kz/damdi-day/501-90-sekundta-kofe-shokolad-keksin-azirleniz


Жаңалықтар