20 Август
07:53
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
18 қараша 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кофе суицидтен қорғайды
Кофеге байланысты  тың мәліметтерді Гарвард университетінің ғалымдары жариялап отыр. Кейбір ғалымдар кофе адам жүрегіне тигізетін зияндылығын дәледесе,  ал американдық ғалымдар күніне екі-үш кесе кофе ішу өлімге алып келетін бірқатар факторларды алдын алады деп есептейді. Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.
 
Фото: GLOBAL LOOK press/Igor Golovniov

Гарвард университетінің сайтында жарияланған Мин Дин және оның әріптестерінің зерттеулеріне сәйкес, кофені күніне екі-үш кесе көлемінде пайдалану жүрек-қантамыр ауыруларынан, екінші типті диабеттен, суицидтен және басқа жүйке жүйесі ауруларынан қорғайды.
 
Адамды сергек жүруге көмегін тигізетін био белсенді қоспаларға бай сусын инсулинге қарсы тұрушылық деңгейін төмендетеді және жалпы   қозу процестерінің тұрақты болуына оң әсерін тигізеді деп тұжырым жасайды ғалымдар.
 
Алайда ғалымдар кофенің адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы әлі де толыққанды зерттеулерді жүргізбекші.
Жалпы аталған,  тәжірибеге денсаулығы мен салмағында кінәрат жоқ 168 мың әйел және 40,6 мың еркек алынған. Әрбір төрт жыл сайын қатысушылар арасында күнделікті қанша кофе ішетіндігі туралы сұрақ-жауап жүргізіліп отырған. Тәжірибе жүргізілген осы жыл аралығында 20 мың әйел және 12,4 мың еркек қайтыс болған.  Олардың арасында күніне 3-5 кесе кофе ішкен адамдардардың өлім көрсеткіштері аз болған екен.
 
нравится:    811
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии