|    |  
14 желтоқсан 2019
07:21
қаз
КӨГЕРГЕН ЖЕРЛЕРДІ ЕМДЕУ
09 сәуір 2019, 11:51 69


Әркімнің өмірінде бір рет болса да тайғанап құлап не бір жерге ұрынып, аяқ-қолын көгертіп алған кездері болған. Ауыртып алған жеріңіз көрінетін болса, оны тезірек кетіру сұрағы туындайды.

Жаралар не үшін көгереді? Гематомалар (көгерген жерлер) - майда тамырлардың үзілуі нәтижесінде қанның тері маңына жиналуы. Қаншалықты қатты көгеруі ағып үлгерген қан мен теріге байланысты болады. Жазылу барысында көгерген жер түсін өзгертуі мүмкін. 

Көгерген жерді қалай емдейді? Көгерген жер лейкоцит жасушаларының пигменттерді жойған кезде ғана жазылады. Сондықтан көгерген жерді өзіңіз бір сәтте емдей алмайсыз. Алайда дереу қабылданған шаралар көмектесіп, көгерген жердің кетуін тездете алады. 

Ұрып алған жеріңізге бірден суық басыңыз. Мұз кесектерін матаға орап, ауырған жерге басқанда, жараланған қан тамырлары жиырылып, қанның ағуына бермейді. Мұзды 10-15 минут ұстаңыз. Бірақ мұзды ашық теріге баспаңыз, тері тым суып, мұздап кетуі мүмкін. 

Келесі шараларды жараланған жердің ісігі өткен кезде, бір күннен кейін жасау керек. Қан ағып, лейкоциттер жараға дейін жету үшін көгерген жерге жылы бассаңыз болады. Бірақ көгерген жеріңіз бетте болса, жылытпаған жөн. 

Емделу процессін тездету үшін, С және К дәрумендерін қабылдасаңыз болады. Қызыл түсті жеміс-жидектер көптеп жеңіз. Көгерген жерді емдеудің ең танымал құралдарының бірі - бодяга шөбі. Дәріханада сатылатын бұл шөптің ұнтағына 2:1 қатынасында су қосыңыз. Емдік ботқаны көгерген жерге жағып, толықтай кепкенін күтіңіз. Артынан сумен жуып жіберіңіз. Есіңізде болсын, бодяга шөбін бет пен көз маңына жақпаңыз. Бұл дерматит не аллергия қоздыруы мүмкін. 

Қол-аяқтағы көгерулерден қырмызы (календула) тұнбасы құтқара алады. Оны көгерген жерге жағу керек. 

Сондай-ақ ақжелкен (петрушка) не тұрма (редька) ұнтақталған жапырақтарына су қосып, ботқаны жараға жақса болады. 

Тағы бір қолжетімді дауа - көгерген жерге йод жағу. 

Тұз компрессі де көгерудің кетуін тездете алады.


Жаңалықтар