25 Май
00:03
Астана: 16 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 325.75
EUR/KZT: 382.04
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.04
Авто
14 наурыз 14:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көгілдір отынмен жүретін көліктер — жақсы және нашар тұстары
Жанармай бағасы сәл көтерілсе болды, көлікті көгілдір отынға алмастыру жағдайындағы пікірталастар туындап жатады.



Көлік үшін көгілдір отынды таңдаудың пайдалы тұстары ретінде мыналарды атауға болады:
Газ жоғары октанды мөлшерге ие. Сол себепті қоршаған ортаға газ шығарындыларын айтарлықтай төмендетеді;
Газда катализатор мен лямбд-зонд жұмысының бұзылуына себепкер болатын қоспалар мен қосындылар жоқ;
Газда свечалар мен клапандарда, жану камерасында қақтардың пайда болуына әкелетін өнім жоқ;
Детонацияның қысқаруы есебінен қозғалтқышқа жүктеме азаяды;
Мұнан бөлек, газдың бағасы бензинге қарағанда біршама арзан.
Ал кемшіліктері ретінде келесідей себептерді көрсетуге болады:
Монтаждау және газ балонын орнату құнының жоғарлығы (монтаждау жұмыстарын мамандандырылған автосервис орталықтарында жасатқан жөн);
Бензин пайдаланғанға қарағанда отын шығынының жоғарылығы;
Үлкен жылдамдықта жүргізу қуатының төмендеуі.

Бұған қоса, автомбиль жүргізушілерінің арасында көлікке жанармай таңдау барысында дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіретін бірқатар ағат пікірлер де бар.

Автомобльге газ отынын пайдалануға қатысты ағат пікірлер.

1. Көлік салонында газ иісінің болуы. Егер орнатылған жүйені дұрыс қадағаламаса, газ иісі шығуы мүмкін. Дегенмен, мұндай мүмкіншілік қазіргі заманғы қондырғылардың арқасында жойылды десе де болады. Резеңке қымтағыштың орнына қазір латун қымтағыш пайдаланылады. Демек, жалғанған жерлерден газдың шығуы мүлдем болмайды. Иіс көлікке газ құю барысында болуы мүмкін. Бірақ, газ мүлдем қауіпсіз, ал иіс арнайы одоратордан шығады. Егер газ иісі газ құйған кезден бөлек уақытта да шығып тұрса, онда авторсервис көмегіне жүгінген жөн. Олар газ иісінің қайдан шығып тұрғанын бірден анықтап береді.

2. Газ балоны құрылғысы орнатылған көліктің өртке қауіпінің жоғарылығы.  Мұндай пікірдің де еш негізі жоқ. Газ балоны орнатылған көлікті ұзақ жылдар бойы жүргізу (шетелде де, елімізде де) кері жағдайды дәлелдеп отыр.

3. Газ толықтай жанып кетпейді. Бұл пікір де қате. Көмірсутек мен сутегіге қарағанда сұйытылған газ толықтай жанып кетеді.

4. Карбюратор корпусында қалтқының камера түбіне ұрылуынан жарықшақ пайда болады. Бұл проблеманы да оп-оңай шешуге болады. кез келген автосервисте сізге мұны қалай жоюға болатынын айтып береді.

5. Газ редукторы, нақты айтқанда оның клапандары  саңлаусыз емес және тоқтап тұрғанда улайды. Бұл олай емес. Қозғалтқыш өшірілген кезде электромагнитті клапандар іске қосылып, олар газдың редукторға түсуіне тосқауыл қояды.

6. Газ жануы температурасының жоғары болуы салдарынан циллиндрлі-поршенды  топтың қызметі мерзімі қысқара түседі. Керісінше, бұл топтың реурсы артады.

Дегенмен, бір автомобильдің екіншісінен айырмашылығы бар.  Егер көлігіңізді бензиннен газға ауыстыруға келгенде күдігіңіз әлі де болса, онда сенімді бола түсу  үшін бір-бірінен тәуелсіз бірнеше автосервистен кеңес алыңыз.

Дереккөз: http://autocarinfo.ru
нравится:    1267
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии