|    |  
26 мамыр 2019
10:22
қаз
Көк сорпа (окрошка)
12 сәуір 2019, 10:14 170


Көк сорпа (окрошка) — жаз мезгілі үшін ең пайдалы тағамның бірі. Біріншіден, ол салқын сорпа болғандықтан, ыстық күндері шөліңізді басады. Екіншіден, оны дайындау кезінде қайнатуды қажет етпейтіндіктен, көкөністердегі дәрумендер қасиетін жоғалтпайды. Көк сорпаны квас, кефир, газдалған су, йогурт және қышқыл сүт негізінде дайындайды. Бүгінгі материалда көк сорпаны айранмен дайындаудың жолын ұсынамыз. 

Қажетті азық-түліктер: 

– 250-300 гр ет (кез келген); 
– 2-3 картоп; 
– 2 жұмыртқа; 
– 2-3 огурцы  [????]  
– 3-4 редиска); 
– аскөк; 
– 500 мл айран; 
– 500 мл газдалған су. 

Алдымен картоп, жұмыртқа және етті пісіріп, дайындап қойыңыз. 

Піскен картоптың қабығын ашып, тазартып аламыз. 

Картопты ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз. 

Туралған картопты ыдысқа саламыз. 

Біз тауық етін алдық. Піскен тауық етін ұсақтап тураймыз. 

Туралған тауық етін ыдысқа саламыз. 

Жұмыртқаның қабығын ашып, тазартамыз. 

Жұмыртқаның біреуін төртбұрышты етіп тураймыз. 

Жұмыртқаның екіншісін үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз. 

Туралған және үккіштен өткізілген жұмыртқаны да ыдысқа саламыз. 

Қиярды жуып аламыз. 

Қиярдың біреуін төртбұрышты етіп тураймыз. 

Қиярдың қалған екеуін үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз. 

Туралған және үккіштен өткізілген қиярды ыдысқа саламыз.


Жаңалықтар