20 Ноябрь
13:53
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Кербез
1 наурыз 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көктем – детокс уақыты
Ағзаны тазартып, жаңартуға арналған танымал детокс-диеталар көктемде әсіресе кең қолданыста. Алғашқы жылы күндерде сергек, әрі жас болып көрінгің келіп-ақ тұрады.

Ағзаны тазартатын детокс-диеталар

Уытты заттар – қоршаған ортаның қолайсыз факторлары әсерінен, дұрыс тамақтанбағаннан, дәрі ішуден, күйзелістен ағзада жиналатын биологиялық қоқыс. Детокс-диета –ағзаны тазалау әдістерінің бірі. Маусымына бір рет ағзаны уытты заттардан тазалаудың белгілі детокс-бағдарламаларының кез келгенімен айлық детокс жасауды әдетке айналдырыңыз. Бірақ осындай диета уытты заттардан ағзаны тазартып қана қоймай, сонымен қатар тері, шаш күйін жақсартып, артық салмақты тастауға мүмкіндік береді. Көктем ағзаны уытсыздандыруды бастауға ең қолайлы кез.

 Детокстың негізгі қағидалары

Егер сізде қышқыл құрамы жоғары болмаса, таңды бірнеше тамшы лимон шырыны қосылған бір стақан жылы судан бастаңыз. Сілтілі цитрустық шырын ауыз қуысын тазартып, бауырға ағзаны уытты заттардан тазарту бойынша белсенді жұмыс істеуге күш береді.

Күніне кем дегенде үш рет бір уақытта тамақтаныңыз. Ағза «кесте бойынша» ас қабылдауды үйренуі қажет, осылайша ол артық майды жинамай, желінген асты күшке айналдырады.
Мәзірді теңдестіріңіз. Ақ нанды, кофені, сүтті шоколадты, майға қуырылған тамақты, майлы етті, тәттілерді, консервіленген азықтарды жемеңіз. Заттаңбадағы құрамды мұқият оқып шығыңыз: азықтарда ұн, қант, консерванттар және өзге де қоспалар көп болған сайын, ол  соғұрлым детокс-диетаға жарамсыз.
Көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз. Ағзаны тазалау барысында уытты заттар қанға шығарылып, әлсіздікті, бас айналуды және құсуды тудыруы мүмкін. Осы жағдайларды болдырмау үшін күніне кем дегенде 2 литр су ішіңіз. Бұл ағзаны тазалау процесін одан әрі жылдамдатады.
Таза ауада көп серуендеңіз және өміріңізді оңтайлы эмоцияларға толтырыңыз. Күйзелістен аулақ болыңыз.
Бет және дене терісіне күтім жасаңыз. Теріні тазартуға, қоректендіруге көп көңіл бөліңіз, теңіз тұзы қосылған ванна қабылдаңыз және денеге арналған бекіткіш құралдарын қолданыңыз. Олай болмаса, көлемді жоғалта отырып, дене босап қалуы мүмкін. Күнделікті спортпен шұғылдануға – ең болмаса, үй гимнастикасына бір сағат, жылдам жүруге немесе итпен таңертең жүгіруге 40 минут уақыт тапсаңыз тіпті жақсы болар еді.

Детоксқа арналған мінсіз азық-түлік

Ағартылмаған күріш, қабығымен пісірілген картоп, жас көкөністер, сүйегі бар жүзім, жеміс пен жидектер, цитрус қабығы, шаршыгүлді көкөністер, мейіз, кептірілген өрік, қара өрік, сұлы, үрме бұршақ, қасқыржем, саумалдық, грек жаңғақтары, қызанақ, насыбайгүл, жебіршөп, ақжелкен, аскөк, балғын қышқыл сүт өнімдері, жас ет пен табиғи су қоймасында ұсталған балық (фермаларда өсірілмеген, ашық су қоймаларда ұсталған албырт тұқымдас балықтарды таңдауға тырысыңыз).

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    719
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии