|    |  
17 қараша 2019
09:38
қаз
Көктем салатын қалай әзірлейді?
23 мамыр 2019, 10:40 102
  

2 үлкен тәрелке үшін: 

Салат жапырақтары - 1 бума 
Ет(қайнатылып піскен) - 200гр. 
Қияр - 2 - 3 дана 
Қызанақ - 3 дана 
Пияз - 1 дана 
Аскөк (укроп) - 3-4 тал 
Ақжелкен (петрушка) 4-5 тал 
Көк пияз - 3-4 тал 
Сарымсақ - 2-3 түйір 
Тұз 
Қара бұрыш 
Уксус қышқылы - 3 4 тамшы 
Сұйық май - 3-4 асқасық 
Ірімшік - 200 гр. 
Жұмыртқа (қайнатылған) - 2 дана 

1. Алдымен пиязымызды маринадтап қоямыз. Ол үшін пиязды тазалап домалақ күйінде турап, бір ыдысқа салып, үстіне 3-4 тамшы уксус қышқылын тамызып, 0,5 стақан су құйып қоямыз. 

2.  Басқа бір үлкендеу ыдысқа қайнатылып піскен қара кесек етті ұзыншалап тураймыз. Қиярларымызды үккіштің майда тісінен өткіземіз немесе пышақмен ұзыншалап және жіңіщкелеп тураймыз. Қызанақты да жіңішкелеп тураймыз. Үстіне маринадталған пиязымызды маринад суынан сүзіп алып, саламыз да, аскөк, ақжелкен, көк пияз турап, сарымсақтарымызды езіп, тұзын, бұрышын салып, сұйық майын құйып, араластырамыз. Тәрелкелерімізге жуып тазалап, салат жапырақтарын төсеп, үстіне дайын салатымызды салып, үстіне үккіштен өткізілген ірімшік сеуіп, жан-жағына қайнатылған жұмыртқаны 4-ке бөліп қоямыз. 

Ас болсын! 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар