Кербез
24 мамыр 16:23
Көктемгі күннің қаупі қандай? Күннен қорғайтын жақпа майды қалай таңдап, күйіп қалудан қалай жалтаруға болады?


Мойындауға тура келеді: адамдар үшін күн пайдалы болуымен қатар, қауіпті де. Мәселенің мән-жайын ашайық, күннің қандай сәулесінен қорғану қажет, ал қандайын бүкіл денеңе сіңірген жөн. Және де оларды қалай сұрыптауға болады?
Радикалдарға еркіндік
Күн сәулесі біздің денемізде бос радикалдардың түзілуіне жағдай жасайды. Бұл не? Бос радикалдардың өзге молекулалардан бір ерекшелігі, сыртқы электронды қабықшасында жетіспейтін электроны болады. Былай қарасаңыз, жай нәрсе секлді. Бірақ, жоқ: мұндай кішкене бөлік қопарғыш күшке ие екені анық. Өйткені ол барлық күшімен жетіспейтін электронды алғысы келеді. Бұл үшін кез келген басқа молекуланы жойып, электронын тартып алады, осылай тынышталады. Алайда басқа молекула бос радикал болып қалған кезде, ол да өз құрбанын іздей бастайды. Мұндай реакцияны жалғамалы деп айтуға болады. Ағзада жалғамалы реакциялар үнемі кездесіп отырады. Бірақ бос радикалдар балансы бұзылса, көптеген молекулалар бүлініп, әр түрлі аурулар пайда болады. Бос радикалдар терінің қартаюын жеделдетеді, имундық жүйені бұзады, тіпті обыр ауруларының тууына да себепші болады.
Бос радикалдардың көбеюін бірнеше жолдармен болдырмауға болады: жиі көп мөлшерде антиоксиданттар қабылдау (олар бос радикалдарды жүйелейді) немесе күн сәулесімен байланысқа түспеу.
Сәуледен қорғану
Ультракүлгін сәуледен қорғану үшін күннен қорғайтын косметиканың қораптарында кездесетін қысқарған сөздерді ұғынған дұрыс.
SPF
SPF аббревиатурасы  sun protection factor немесе орыс тілінде «күннен қорғаныс факторы» деген мағынаны білдіреді. SPF-тен кейін тұрған сан қорғаныстың деңгейін немесе күшін емес, күнде болу уақытын білдіреді. Айталық, SPF 15 – бұл препаратты пайдаланғаннан кейін сіз күннің астында онсыз 15 рет көбірек бола алатындығыңызды білдіреді. Яғни егерде сіз орташа есеппен алғанда жиырма минуттың ішінде күнге күйетін болсаңыз, онда жақпа майдың көмегімен жағажайда 300 минут (яғни 5 сағат) жата аласыз деген сөз. Әрине, бұл көрсеткіштер барынша шартты түрде көрсетілген. Және де ең дұрысы бес сағат күтпеу және жапсырма қағазында дұрыс жазылғандығын тексеріп көруге тырыспаған жөн.
SPF 15 В (UVB) тобының сәулелерінен шамамен 95%-ға, ал а SPF 30 дәл сондай сәуледен 98%-ға дейін қорғайтынын білген маңызды. Демек, қорғаныс (SPF) факторын арттыру арқылы сіз қорғаныс деңгейін емес, қорғаныс уақытын еселейтін боласыз.
UVB
Жақпа май қорабындағы UVB  жазуы В тобының ультракүлгін сәулелерінен қорғайтындығын көрсетеді. Аталған топ сәулелері барлық ультракүлгін сәулеленуінің 10%-ға жуығын ғана құрайды, бірақ дәл осы сәулелер еркін ридакалдардың қалыптасуына септігін тигізеді және солардың кесірінен күнге тотығу пайда болады.
UVA
А тобының ультракүлгін сәулелерінің шамамен 95% жерге дейін жетеді. Олар В тобының сәулелеріне қарағанда анағұрлым әлсіз. Алайда олар барлық жерге тарайды, өтеді. А сәулелері тіпті бұлттар мен шынылардан да өтіп кетеді. Стандартты күннен қорғайтын құралдардың басым бөлігі тек қана В тобы сәулелерінен қорғайды. Бірақ егерде сіздің теріңіз жұқа әрі нәзік, тіпті көлеңкеде де бірден күйіп кететін болса, онда UVA аббревиатрасындағы құрал сізге кез келген ауа райында аса қажет.
Қорғаныс тетіктері
Кейбір жақпа майларда «күннен қорғайтын», ал кейбірінде күнге күюден қорғайтын деп жазылып тұратындығына назар аударатындар некен саяқ. Жақпа майдың бұл екуі түрі де күннен қорғайды. Алайда қорғағанымен, олардың әсер ету деңгеі әр түрлі. Күннен қорғайтын жақпа май күн сәулелерін жұтып алса, ал күнге күюге қарсы жақпа май оларды шағылыстырады. Сондықтан да күнге қарсы жақпа майды ол сіңіп үлгеруі үшін күн астына шығардан 20-30 минут бұрын жағу қажет. Ал күнге күюге қарсы жақпа май болса, біртіндеп жұмыс істейді.
Ал күнге күю ше?
Егер сіз шоколадтың түсіндей реңкке қауіпсіз түрде қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге В тобы (UVB) сәулелерінен қорғайтын жақпа май қажет. Сәуленің мұндай түрі күнге күюге түрткі болады. Бірақ пигменттердің қалыптасуына мүлдем әсер етпейді. Шоколадты түске А тобының сәулелері жауап береді. Дәл осы сәулелерді солярийларда пайдаланады. Демек, UVB аббревиатурасы бар жақпа майды жағу арқылы сіз шағын ғана мөлшердегі теріңіздің қартаюымен бірге күнге күюдің өзіңізге қажетті көлемін аласыз. Тері аздап күйгеннен кейін күнге күюге арналған майға көшуге болады. Ол сізге бір қалыпты шоколад түске енуге мүмкіндік береді, бірақ абай болған жөн, май күннен қорғамайды. Егер жағажайда ұзақ жатып қалсаңыз, күнге күйіп қалатыныңыз анық.
 
Күннен қорғайтын жақпа майға қатысты 5 аңыз

Егер тері қараторы болса, онда ол қорғанысты қажет етпейді.
Күннің астында ұзақ жүру терінің кез келген түріне зиянын тигізуі мүмкін. Күн сәулесінің тікелей әсеріне ұшырайтын кез келген уақытта жақпа май пайдаланған жөн.
Суға төзімді жақпа майды суға түскеннен кейін қайта жағудың қажеттілігі жоқ.
Бүгінгі күні 100 пайыз суға төзімді бірде-бір жақпа май ұшыраспайды. Судың құрамында тұзды қоспа бар және ол жақпа майды жеп қоятыны белгілі. Бұл қорғаныс деңгейін біршама төмендетеді. Сондықтан да суға түсіп шықаннан кейін жақпа майды қайтадан жағу қажет.
Күннен қорғайтын крем ағзаның D дәруменін қажетті деңгейде сіңіруіне кедергі келтіреді.
Шын мәнінде де күннен қорғайтын жақпа май терінің D дәруменін сіңіруіне кедергі келтіреді. Дегенмен, адам D дәруіменінің бір күндік мөлшерін күннің тікелей сәулесінің астында бірнеше минут болса, ала алады.
Бұлтты ауа райында күнге күймейсің.
Бұл ультракүлгін сәулелер үшін тосқауыл бола алмайды. Дәл солар күюдің негізгі себебі саналады. Өйткені, адамдар күйіп кеткендіктерін сезбей де қалады.
Күнге қарсы жақпа май денеге де, бетке де жарай береді.
Көптеген әйелдер күннен қорғайтын жақпа майды беттеріне жаққан кезде жағымсыз сезімді бастан кешіреді: көптеген крем өте ауыр жағылады, тым майлы не болмаса теріні жиырып тастайды. Мұндай жайсыздықтан арылу үшін көптеген компаниялар SPF-фактормен терінің әрқилы түріне арналған дымқылдатқыш құралдарды ұсынады.


http://aif.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика