17 Октябрь
23:02
Астана: 10 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Кербез
5 қыркүйек 12:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қолға күтім: маскалар

Сүйрік саусақ – қыз-келіншектің нәзіктігінен хабар беріп тұратындай. Сондықтан да қол күтіміне мән беріп, қолдың терісін нәрлендіретін, ылғалдандыратын түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол.

Аптасына 1-2 рет қол терісіне маска жасауды әдетке айналдырыңыз. Күнделікті қолданатын косметикаға қарағанда, маскалардың емдік қасиеті де барын есте ұстаңыз. 

Жұмыртқа маскасы
Қол терісі әжімденіп, қартайып бара жатса, бұл масканың көмегі көп болмақ. Ол үшін 1 жұмыртқаның сарысы, 1 ас қасық бал, 1 шай қасық сұлы жармасын араластырып, кешке ұйқыға жатар алдында қолыңызға жағып, шүберек қолғап киіп жатыңыз. Қолыңызды таңертең жуасыз.

Бал маскасы
Бұл маска қол терісін жұмсартады. 15 г бал, 25 г бадам немесе зәйтүн майы, жұмыртқаның сарысы және лимон шырынының бірнеше тамшысын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны қолыңызға жағып, шүберек қолғап киіңіз. Бұл масканы да ұйқыға жатар алдында жасаған дұрыс.

Глицерин маскасы
Теріні жұмсартып нәрлендіретін бұл масканы жасау үшін 1 шай қасық глицерине мен 1 шай қасық балды 2 шай қасық сумен араластырып, 1 шай қасық сұлу ұнын қосыңыз. масканы 20-25 минутқа қолыңызға жағып, жуып тастаңыз.

anabol.kz
нравится:    705
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии