Авто
25 ақпан 16:51
поделиться:
Көлігі жол апатына түскен жүргізуші көшеде лезгинка биледі

Ресейдің Саратов қаласында көлігі жол апатына ұшыраған жүргізуші оқиға орнында – алдымен машинаның капотында, содан кейін жол үстінде лезгинка биледі.
Ол осы әрекетімен «кінәсін жуып-шайып, ақталғысы келген». Бұл туралы «Регион 64» хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Саратов қаласының Ленинск ауданында 22 ақпан күні кешкі сағат сегіздер шамасында орын алған. Көше қиылысында ВАЗ-2109 және ВАЗ-2110 көліктері соқтығысып, қатты соққының әсерінен ВАЗ-2110 көлігі Hyundai Accent маркалы автомобильге зақым келтірген.
Оқиға барысында жапа шеккендер жоқ, алайда аталған жағдай көлік кептелісінің қалыптасуыа себепші болған.
ВАЗ-2110 жүргізушісі оқиға ушықпас үшін және өзінің көлігінде отырған жолаушы бойжеткеннің көңілін көтеру үшін жол үстінде лезгинка билеген.
Дереккөзі: tvzvezda.ru
поделиться:
Loading...
Читайте также:
Загрузка...
Комментарии