21 Сентябрь
05:51
Астана: 15 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Авто
30 шілде 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көлігін сәндеу үшін өзгеріс жасағандарға айыппұл салынады
Атырауда жеңіл көлік жүргізушілері темір тұлпарды әдемілейміз деп жүк көтергіш амортизаторын қысқартуды сәнге айналдырған./>



Алайда бұл жол көлік апатына ұрындыратынын жағдайлар көбейген. Көліктің жүк көтергіш серіппесін кесіп, аласарту әсіресе ресейлік автокөлікті тізгіндегендерге тән.

Жол полициясы ұйымдастырған бір рейдтің барысында облыс орталығынан осындай ондаған автокөлік тоқтатылды. Ал көлік иелері болса, ережеде бекітілген көлік құрлығысына не себепті өзгеріс енгізгенін нақты айта алмайды.

Айтқандай әкімшілік ереже бойынша автокөлікке қолдан өзгеріс жасағаны үшін 30 мың теңге айыппұл салады. Ал екінші мәрте көзге түскен жүргізуші арнайы емтиханға жіберіледі.


“Мұндай қолдан жасалған өзгеріс көліктің қозғалысын қиындатады және оның оқыс оқиға кезіндегі әрекетін тежейді. Ал оның арты жол апатына соқтырады. Сондықтан зауыт бекіткен көлік құрылғысын қозғамаған жөн екенін ескертеміз”, – дейді  жол полициясы басқармасының бөлімше командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

Дереккөзі: Хабар
нравится:    747
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии