21 Август
04:59
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
11 тамыз 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Көлік жүргізген кішкентай қыз елді қатты таң қалдырды (видео)
Интернетте жарияланған кішкентай қыздың артқы орындықта отырған әкесінің айтуымен машина айдап бара жатқан кадрлары талай жұртты қатты қайран қалдырды. Бұл туралы видеоны Twitter-дің Қытайдағы нұсқасы – Weibo әлеуметтік желісінде People’s Daily Online сайты жариялады.



Роликте төрт жасар қыздың көлік рулінде отырып, қала көшесі бойымен зымырап бара жатқаны көрсетіледі. Төрт белдеулі трассамен автомобильді жүйткітіп айдаған қыз бала біраз көліктен басып озып, ақырында бір жерге келіп тоқтайды.

Видеоның бас жағында әкесінің қызына көлікті «сақтықпен айдау керек» екенін айтып жатқаны естіліп қалады. Оған кішкентай қыз не деп жауап берерін білмей, бірдеңе деп былдырлайды.

Ақырында қыз бір жерге келгенде, аяғының астына ұзартылып қойылған педальды басып, көлікті тоқтатты. Әкесі осы кезде тізгінді өзіне беруді сұрады.

Қытай Интернет-пайдаланушылары тамашалаған бұл видеоға күліп жатқан ата-аналар да бар. Олар қызының өмірін осыншалықты қатерге тіккен әкені кінәлап жатыр.

Ал билік болса, аталмыш инцидент бойынша тексеру жұмыстарын бастап кетті.



Дереккөзі: ras.kz
нравится:    4077
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии