|    |  
16 желтоқсан 2018
06:29
қаз
Көлік жүргізу үшін аяқ киімді қалай таңдау қажет
17 наурыз, 14:57 113
Жылдың кез келген мерзімінде көлік жүргізушілері үшін көлікті айдауға қандай аяқ киімнің тиімді екенін білу өте өзекті тақырып болып қала береді.




Зерттеу нәтижелері шындығында да көлік қауіпсіздігіне аяқ киімнің әсері бар екенін көрсетті. Биік өкшесі бар аяқ киім (әйелдердің және ерлердің де) еденде жұмсақ резиналы кілемше болған кезде тежелу реакциясын екі есеге төмендетеді.
Көлік жүргізу үшін аяқ киім қандай болғаны дұрыс?
Біріншіден, жүргізуші аяқ киімінің табаны таймайтын болуы тиіс.

Екіншіден, аяқ киімнің өкшесі жалпақ және биік болмауы (2-3 см) тиіс. Шәркей киюге тыйым салынады, өйткені олар табанның механикалық зақымдануына алып келеді. Бұл тепкіні пайдалану тиімділігіне әсер етеді, нәтижесінде жолда қателік орын алады. Табанға күтімнің жасалмауы бұлшықеттердің шаршауына және жайсыздыққа әкеп соқтырады.

Үшіншіден, аяқ киімдегі ең басты жері– тепкіні және өзге де заттарға жабыса алатын ұлтаны және өкшесі. Сыздықтап тіккен аяқ киім және үшкір басы бар аяқ киім өте сәнді көрінгенімен, әр жүргізуші үшін сән емес, қауіпсіздік маңызды екенін ұмытпау керек. Табан ені жұмыс кезінде аяқ киім сыздықтап тіккен немесе үшкір басты аяқ киім тепкіні жанап кетпегені жөн. Бұл туралы көлік мектептері мен жеке нұсқаушылар жаңадан келгендерге, рөлге жаңа отырғандарға үнемі түсіндіріп отырады.

Төртіншіден, резеңке қосылған аяқ киім өкшеге ауа өткізбей, кедергі келтіреді.

Бесіншіден, қыс кезінде поливинилхлоридтен жасалған аяқ киім киюге болмайды. Бұл төменгі температурада жоғарылатылған қаттылық береді және табанның жұмысын нашарлатады.

Көлік жүргізушісіне сонымен қатар таза былғарыдан жасалған өкшесіз, табаны микрокеуекті резинадан жасалған спорттық аяқ киімді де қолдануға болады. Қазір дүкен сөрелерінен арнайы аяқ киімдерді – жүргізушілерге арналған мокасиндерді де кездестіре аласыз. Олардың табаны аяқ тепкіні сезетіндей және жағымсыз әсері болмайтындай етіп орайластырылған. Табандағы сурет бедерлі, ол кез келген қимыл кезінде аяқ киімнің табанының таюына жол бермейді. Бұл мокасиндердің табаны қандай жұмсақ кілемше болмасын, өткір жиектің болмауына байланысты аяқ қозғалысына кедергі келтірмейді. Бұл аяқтың оңтайлы орналасуына мүмкіндік береді, аяқтың жоғары орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Маңызды элемент – бұл шұлық. Жүргізушіге көп жағдайда таза мақтадан немесе таза жүннен жасалған шұлық киген дұрыс, синтетика күн суық кезде жылуды ұстамайды.
Көріп отырғанымыздай, жүргізушілерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде майда-шүйде нәрселер болмайды. Аяқ киімге және аксессуарларға үнем жасау кейбір кездері бұдан да қомақты материалдық шығынға ұрындыратыны анық.


http://autocarinfo.ru


Жаңалықтар