25 Май
00:02
Астана: 16 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 325.75
EUR/KZT: 382.04
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.04
Авто
14 наурыз 12:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көлікті қаншалықты жиі жуу керек?
Ауа райы мен мезгілге қарамастан таза әрі жайлы көлікте жүруді армандамайтын жан жоқ шығар. Бірақ көлікке зақым келтіріп алмас үшін қаншалықты жиі жуу керек? Қай автокөлік жуатын орын қауіпсіз: байланысты әлде байланыссыз? Көлік жуудың қай түрі зиянды немесе қай түрін жиі қолданған дұры. Осы сауалдарға жауап беретін боламыз.



Байланысты әлде байланыссыз көлік жуу?
Байланысты көлік жуу шүберек, щөтке, жұмсақ арнайы заттардың көмегімен қолмен жуылады. Ал байланыссыз көлік тазарту барысында түрлі химиялық заттар қолданылып, кейін оны мұқтият сумен шаю керек болады. Қанша мұқият шайса да көлікке зақым келу жағдайлары жиі орын алатыны жасырын емес. Бұл бүгінде қалыпты жағдай. Есесіне қарлы, жаңбырлы, саз-балшықты ауа райында осы химиялық заттармен тазарту таптырмас тәсіл.

Детейлинг тәсілі, ол қаншалықты қажет?
Көлік тазартудың айрықша тәсілі – детейлинг. Әдетте бұл тәсілді өңі кеткен, ұзақ қолданыста болған көліктерге қолданады. Өйткені көліктің барлық бөліктерін өңдеуден өткізгендей етіп, жалтыратып шығарады. Және бұл қалпы ұзақ сақталады. Той-томалақта жалға берілетін көліктерге бұл тәсіл жиі қолдынылады. Тіпті көлігіңізді сатар кезде келіп жасатсаңыз, әжептәуір өң береді. Бұл қызмет түрі арзан тұрмайды, әрине, бірақ «сүйікті жолсерігіңіз» үшін аянып қалудың қажеті жоқ болар.
 
Көлік жууға арналған химиялық заттар
Арнайы көлік жууға арналған сусабындарды қарапайым сусабындармен алмастыруға әсте болмайды. Бұл көліктің сырт көрінісіне зақым келтіріп, өңін кетіруі мүмкін. Ал химиялық заттарды мүлдем қолданбау да дұрыс емес, олай мұқият тазартылмайды. Судың өзі ғана көліктің бұрыш бұрышы мен лас жерлерін шайып кетіре алмайды.
 
Көлікті жуу барысында неден бастап, немен аяқтау керек
Көлікті жылдам әрі тиімді түрде тазартып шығу үшін алдымен сумен мұқият шайып шығыңыз. Сосын ғана сусабынды қолдана отырып, жууға кірісіңіз. Көлік неғұрлым лас болса, соншалықты су мен сусабын қолдану қажет.
Ал жуып болған соң міндетті түрде құрғатыңыз. Жаздың күні ылғал кеуіп кетсе де орнынада дақ қалуы мүмкін, ол дақтар оңайлықпен кете қоймайтыны белгілі.  Ал қыста ылғал мұзға айналып, жайсыздық тудырады.
 
Корпусты жуу барысында оны немен ысқылау керек?
Жұмсақ тістері бар щөтке ең қауіпсіз жуу құралы болып саналады. Ал шүберектер көлікке зақым келтіруі мүмкіндігін ұмытпаңыз.

Көлікті қыста жуу
Қыстың күні көлікке жабыса кететін саз балшықтарды жуып тастаған дұрыс әрине. Бірақ ауа райыға байланысты көліктің ылғалды болуы да дұрыс емес. Ол мұзға айналып, корпустың жұмысына бөгет болуы мүмкін.

Сондықтан қыстың күні мына жайттарды есіңізде ұстаңыз:
-Егер көлік жылы әрі құрғақ тұрақта тұратын болса анда-санда жуып тұрған дұрыс.
-Сондай ақ көлікті сапарға шығардың алдында жуу керек, болмаса ылғал жол бойы көліктің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
-Қарлы әрі дауылды күндері көлікті жуудың пайдасы жоқ.

-Жайсыз ауа райыда көлікті далада жууға әсте болмайды. Су қатып қалып, оның салдары ауыр болу қаупі бар.
-Егер арнайы қорғаныс құралы болса, оның көлікті сирек жууға септігі тиеді. Қыстың күні де, жаздың күні де қолдануға кеңес береміз.
 
Ал көлікті қаншалықты жиі жуу керек
Мамандар көлікті тек аптасына бір рет жууға кеңес береді. Мұқият әрі сапалы түрде жүргізілген тазартудың зияны жоқ. Темір тұлпарыңыз жарқырап көз қуанту үшін оны тиісінше тазалап тұрған тамаша, әрине!

Дереккөз:http://autocarinfo.ru
 
нравится:    174
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии