14 Декабрь
04:41
Астана: -26 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Туризм
1 маусым 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көлсай - Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржаны
Көлсай -  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылдық округіне қарасты аумақта орналасқан. Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта. Көлсайға жету үшін Алматыдан Құлжа тас жолы арқылы, Шелек-Көкпек жолдары арқылы жүресіз.



Көлсай паркі 2007 жылы негізі қаланған. Ол теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі.



Көлсай көлдерін «Солтүстік Тянь-Шанның інжу-маржаны» деп атайды. Көлдер шыршалы орманмен қоршалған. Көлдер желісіне 3 көл кіреді:

- Үшінші Көлсай көлі немесе Жоғарғы Көлсай – 2850 метр биіктікте;

- Екінші Көлсай немесе Мыңжылқы – 2252 метр биіктікте;

- Бірінші көл немесе Саты – 1818 метр биіктікте орналасқан.Үш көлдің арасын өзара жалғап Көлсай өзені ағып өтеді.Бұлардан бөлек шығысқа қарай 11 шақырым жерде Қайыңды көлі орналасқан.



Қайыңды көлі – теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан тылсымға толы орындардың бірі. Қайыңды 1911 жылы орын алған жер сілкінісінің әсерінен пайда болған. Бірінші Көлсайдың шығыс жағында. Ол 100 жылдай бұрын тау жыныстарының құлап, содан қалыптасқан табиғи қоршаудың ішінде пайда болған. Ұзындығы 400 метр, тереңдігі 30 метрге жуық. Оның бір ерекшелігі айдыннан қураған шыршалардың бастары шығып тұр.



Көлсай – жаяу серуендеуге, атпен немесе тау велосипедімен саяхат жасауға таптырмас орын. Бұл жердің көрікті жерлерін толығымен аралап, дұрыстап демалу үшін 2-3 күн арнаған жөн. Алматыдан табиғи паркке дейін 300 шақырым шамасында. Осы аймаққа туристік бағыттар бар, қонақ үйлер салынған, жазда киіз үйлер құрылады, бөлек демаламын деушілерге шатырларды көл маңайынан жалға алуға мүмкіндік бар.



Көлді тау шатқалдары, шыршалы орман алқаптары қоршап тұр. Ұлттық парктың аумағында күнгей бозы, Тянь-Шань жанаргүлі, арша, еңлікгүл секілді Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін12 өсімдіктер өседі. Тау ішінде 200-ден астам жануарлар түрі мекен еді.



Дереккөзі : http://tr-kazakhstan.kz/
нравится:    4791
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии