20 Август
13:44
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
10 тамыз 15:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Колумбияның Медельин қаласы хош иіске бөленді

Колумбияның Медельин қаласында гүлдер парады ұйымдастырылды. Мұнда миллиондаған гүл шоқтары көшелерді көмкеріп, көрермендердің көзайымына айналды. Жыл сайын ұйымдастырылатын гүлдер парадына елдегі ең мықты бағбандар қатысты. Өз ісінің майталмандары жұпар иісті өсімдіктерді бағып-қағып қана қоймай, оларды барынша әдемілеп әрлеп, қала көшелеріне арқасына салып шығарды. Кейбір композициялардың салмағы жүздеген келіні тартады. Гүлдер парады - құлдық режимнің алынып тасталуына орай, яғни 1957 жылдан бері ұйымдастырылатын символдық мәні зор шара.

Джон Хайро, гүлдер парадының жеңімпазы: - Бұл – әдет-құрыпқа айналған дәстүрлі шара. Бұған менің ата-әжеммен қоса, ата-анам да қатысқан болатын. Мен де осымен төртінші мәрте өз үлесімді қосып жатырмын. Жеңіске жеттім-ау, әйтеуір.

Росио Эскобар, көрермен: - Керемет көрініс! Кеудемді шаттық кернеп тұр. Өте әдемі! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    697
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии