|    |  
19 қыркүйек 2019
17:27
қаз
Қолында ақша тұрмайтын зодиак белгілері
05 қыркүйек 2019, 17:55 195

 
Суқұйғыш
Олар өнертапқыштыққа бейім. Қаржылық тәуелсіздікке басымдық бермейді. Олар қоғам өмірін қалай жақсартуға болады деген оймен жүреді. Материалист емес. Сондықтан көп ақшаны қажет етпейді.
 
Шаян
Олар ар мен абыройды бәрінен жоғары қояды. Билікке, қулыққа қас. Сондықтан да көп байлық жиюға мүмкіндіктері болмайды. Сондай-ақ олар ескірткі мен шылымға құмар келеді.
 
Таразы
Олар нағыз эстет. Олар қоршаған ортаның сұлулығынан ләззат алады. Сол себепті материалдық құндылықты бірінші орынға қоймайды. Қаражатты ұқсата да алмайды. Олар ақшасы көп жұмысқа қызықпайды. Өздеріне ұнаған жұмыспен айналысады.
 
Мерген
Мергендер еңбек етіп, ақша табу біледі. Бірақ ұқсату жағына ұқыпсыз. Ақша сұраған адамдардың қолын қайтармайды. Тіпті кімге қанша бергенін де білмейді. Бірақ ақшаның аздығы олардың көңіл күйін түсірмейді. Олар бақыт ақшада емес деген ұстанымға берік.
 
Балықтар
Балықтар үнемі қаржылық қиындықтарға тап болып жүреді. Ауыр еңбекке жарамсыз. Өз-өздеріне сенімсіз әрі ұялшақ болғандықтан таланттарымен ақша табу қиын. Олар сондай-ақ ақша жинау білмейді. Қарызға оңай кіріп кетеді.

Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар