16 Август
12:58
Астана: 22 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 361.66
EUR/KZT: 409.51
RUB/KZT: 5.41
CNY/KZT: 52.36
Әлем жаңалықтары
6 маусым 10:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Комаровский қазақстандықтарға менингит туралы айтып берді
Украиналық педиатр Евгений Комаровский қазақстандықтарға менингит туралы айтып берді. Ол бұл туралы Instagram парақшасындағы тікелей эфирде айтқан.


 
«Соңғы бес күнде Қазақстаннан, Астана мен Алмтыдан менингит туралы 200-300 хат пен қоңырау түсті. Менингококк адамға түссе жұтқыншағында жылдар бойы жүре беруі мүмкін. Ал ең қауіптісі жұтқыншақтан қанға түсуі. Бұл кезде бала бір тәулікте көз жұмуы мүмкін. Вакцинация ешқандай мәселені шешпейді. Бұл уақытша шара. Сіз балаңызды А және С менингококынан қорғауыңыз мүмкін. Бірақ В тобындағы менингококтан қорғай алмайсыз. Себебі оның барлық түрінен қорғайтын вакцина жоқ. Сондықтан вакцина мәселесіне әуре болмай, әдеттегі сауықтыру шаралары туралы ойлау керек. Баланы супермаркеттерге, театрларға тасудың қажеті жоқ. Мектепте іс-шара ұйымдастырылатын болса оны мектеп ауласында жасаған жөн. Бөлмені жиі-жиі желдетіп тұру керек. Менингокок көбейіп кеткен кезде, тыныс жолдарының шырышты қабығы құрғаған кезде жұтқыншақтан қанға түседі. Ол бір метрлік қашықтықтағы қарым-қатынас кезінде, сүйіскен, құшақтасқан кезде жұғады. Одан артық ұша алмайды. Бөлмені, әсіресе жатын бөлмені жиі желдету керек. Бұл вакцинадан артық тәсіл. Себебі инфекция жабық ғимараттарды мекендейді. Далада оны жұқтыру мүмкін емес»-дейді дәрігер.

нравится:    1156
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии