18 Август
11:15
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 16:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Компьютерге тәуелділік балалардың ми жүйесін өзгертеді-ғалымдар
Корей ғалымдары бірқатар зерттеулер жүргізе келе, компьютерге шектен тыс тәуелді балалардың ми құрылысы тәуелділігі жоқ балалардың миына қарағанда өзгеше болады деген тұжырымға келді деп хабарлайды planet-today.ru сайты.
 


Тәжірибеге  жасы 10 мен 19 аралығында  200 бала тартылған. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, балалардың бас миының  белсенділігі және зерделігіне жауап беретін ми көрсеткіштерінің белгілі бір бөлігі айтарлықтай төмендеген.
 
Ғалымардың айтуынша, ерте жастан бастап компьютерге деген шектен тыс тәуелділік зардабы мол патологияға алып келуі мүмкін.
Видео ойындар жадыны дамытып, зерделілік пен реакция жылдамдығын жақсартады деген пікір бар.  Алайда бұған ғалымдардың  өз уәждері бар екен. «Иә, шынымен мидың жұмысы  белсенді болады, тек ойын ойнаған кезде ғана ал күнделікті өмірде оның коэффициенті қажетті нормадан айтарлықтай төмен көрсеткішке ие»,-дейді ғалымдар.
нравится:    1052
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии