20 Июль
10:44
Астана: 24 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 345.55
EUR/KZT: 401.01
RUB/KZT: 5.45
CNY/KZT: 50.98
Әлем жаңалықтары
19 сәуір 15:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қонақ күту тәрбиесі

«Қонақасы – тәңір асы», «қонақ несібесін тәңір жеткізер», «қонақасы  - қазақтың бөлінбеген еншісі» дейтін аталы сөздер қазақ халқының ерекше қонақшыл, ерекше меймандос, асқан адамгершілікті халық екендігін айғақтайды әрі әрбір отбасы ұрпақтарын қонақшыл, меймандос, ізгі ниетті, мейірімді, қайырымды болуға баулып отырады. Әрбір қазақ үйіне қонақ келсе «құт келді, қонақпен бірге үйіме құт-береке кіреді» деп балаша қуанып, қонақтың алдынан өзі шығып қарсы алып, үйінен өзі есік ашып кіргізеді. Алайда, қонақты есік ашып шығарып салмайды. Үйге келген қонақты есік ашып шығарып салу -  қонақты қуалағанмен бірдей ұятты іс деп қарайды. Сондай-ақ, «құтты қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе малға қасқыр шабады», «қонақтың жақсысы -  құт, жаманы  -  жұт» деп ырымдап, жалпы қонақтарды: «арнайы қонақ», «құдайы қонақ», «қыдырма қонақ», «қылғыма қонақ» деп төртке бөледі.

  Арнайы қонақ

  «Арнайы қонақ» деп -  арнаулы шақырған, ұсыныс етілген және құдалық пен түрлі жиын-тойларға жататын үй, соятын мал, ұсынатын жол-жораларға дейін алдын ала әзірлеп, ауыл бойынша тік тұрып ерекше күтеді. Мұндай қонақтарға қой баласынан ақсарбас, жылқы баласынан көк қасқа, сиыр баласынан қызыл қасқа сойылады.

Құдайы қонақ

  Қазақ халқы «құдайы қонақ» деп  -  ойда-түсте жоқ, дәм-тұз айдап келіп қонып, құдайдың бұйырған несібесін жеп аттанған қонақтарды айтады. Мұндай қонақтарға қой баласынан  -  қоңыр тоқты, ешкі баласынан  -  қарашұнақ лақ, ал құдайы қонақ ерекше сыйлы адам адам болса, онда жылқы баласынан  -  торы тай сойып, қонақасы береді. Осы дәстүрге сай тілімізде «қойдан  - қоңыр, жылқыдан  -  торы» деген нақыл сөз қалыптасқан.

 Қыдырма қонақ

  «Қыдырма қонақ» деп  -  туыс-туған , дос-жаран, құда-жекжаттарын арнаулы іздеп барып, аунап-қунап жататын қонақтарды айтады. Мұндай қонақтар жұрт сыйлаған беделді кісі немесе сары сүйек құда бастаған адамдар болса, онда қонақтың аз-көптігіне қарай жылқы баласынан көк қасқа, қой баласынан  -  ақсарбас сойылса; ал, дос-жаран, алыс-беріс, барыс-келістері жиі адамдар болса, қонақтың аз-көптігіне қарай тай, қой сойып күтеді.

 Қылғыма қонақ.

«Қылғыма қонақ» деп, қайсы ауыл, қайсы үйге қонақ түсіп, мал сойып, ет асып тамақ пісіргенін аңдып жүріп дәл үстінен түсіп тамақ асырайтын қонақтарды атайды. Мұндай қонақты қазақ халқы «шақырылмаған қонақ  -  жұт» деп қатты жек көреді. Алайда, қонақты үйден қумайтын қазақи дәстүр бойынша, оларға да барын беріп, қондырып аттандырады.


  Қонақ күтуде әр отбасы мейлі арнайы қонақ, мейлі құдайы қонақ, мейлі қыдырма қонақ болсын, мейлі ұзақ жыл көріспеген құда-жекжат, дос-жаран болсын олардың бәріне де шамалары келсе арнайы мал сойып қонақасы беріп, күтіп отырған. Тіпті, мал сойып беруге шамасы келмесе «қонаққа» деп бала-шағасының аузынан жырып, сақтаған сыбағаларын берген. Яғни, «еске алған ескі асынан сақтайды» деп қысқы күндері сүрленген жамбас, қазы-қарта, жал-жая, май, жент, мейіз, қант, мұзқант, т,б сақтайды.

  Қонақ күту тәрбиесі ұрпақтарды тамаша адамдық қарым-қатынас салтын қалыптастырып, адамдарды ізгі ниетті, адал, арлы, меймандос, қонақшыл болуға баулиды. Халықтық салт-дәстүрге жүйрік, адамгершілігі асқақ азамат болып есеюіне жол көрсетеді.

anabol.kz

 

 
нравится:    1664
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии