21 Август
12:21
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 сәуір 11:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Концлагерьде тұтқында болған жандар гауһартойын атап өтпек


Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы адамзаттың жадынан өшпек емес. Ресми мәліметке сәйкес, сол жылдары 2,5 млн адам фашистік концлагерьлерде тұтқында болған. Темір тордың құрсауынан шыға алмаған көптеген жасөспірім қыршынынан қиылды. Алайда азаттықтың ақ таңын көргендер бар арамызда. Концлагерьде тұтқында болғандардың бірі Николой Журавлевтің жасы бүгінде 90-да. Шығармашылықпен айналысып, мүсін өнерін жанына серік етіпті. Алайда азапты жылдарының әр сәті әлі жадында.  Николой Журавлев, қала тұрғыны: - Бір нанды екі күнге беретін. Ешкімнің есімін атамайтын. Лагерьдегі адамдар өте қатыгез болды. Үнемі зіркілдеп, желкеңде төніп тұрады. Ең қорқыныштысы, ешқандай әрекет жасай алмауыңда еді. Ата-ананы көрем деген үміттен күдік басым болды ол кезде.  Фашист қолына Николай Журавлев соғыс басталған жылы түседі. Ол кезде 14 жаста болыпты. Күн сайын қатыгез қанаушылардың қолынан жүздеген бала ажал тырнағына ілініп жататын. Қария «құлдықтың құрсауынан ешқашан құтылмайтын шығармыз деп ойлайтынбыз», - дейді.  Тұтқында болған өрімдей екі жастың тағдыры бір арнаға түйісті. 1956 жылы жары Вера әжеймен бас құрап, үйленеді. Содан бері жұптары жазылмай келеді. Галина Байғұтдинова, Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы: - Екеуі де 15-16 жаста тұтқында болған. Ерік-жігер мен қайсар мінездерінің арқасында қиындықты жеңіп, отау құрды. Биыл қосылғандарына 60 жыл. Төрт баласынан 20-ға жуық немере мен шөбере сүйіп отыр. Қазір Алматыда концлагерьде тұтқында болған 50 адам тұрады. Барлығы Отан соғысы ардагері мәртебесіне теңестірілген. Оларды қазіргі Германия мемлекеті естен шығармапты. 1995 жылдан бері Журавлевтер отбасына бала шағында көрген тауқыметі үшін 3 рет өтемақы берілген. 




Дереккөзі: 24.kz
 
нравится:    674
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии