|    |  
14 желтоқсан 2018
12:36
қаз
Көңілдесімен көлікте кетіп бара жатқан жігіт әйелінен жазасын алды
20 шілде, 17:38 596



Күйеуінің ашынасымен бірге көлікте кетіп бара жатқанын көріп қалған әйел көшенің қақ ортасында оның сазайын тарттырды. 
 
Ролик Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаасында түсірілген. Видеодан әйелдің көшеде кетіп бара жатқан қара түсті Audi маркалы көліктің үстіне отырып алып, алдыңғы терезесін таяқпен ұрып сындырған сәтін анық көруге болады. Ашуға булыққан әйел: «Есікті аш та, түс машинадан.Көзіңді жоғалт!» - деп айғайлайды.



Көлік жолаушылар жолағына келіп тоқтаған сәтте, күйеуі көзіне шөп салып, алданған әйел ызаға булыққан күйде оған тап береді. «Сен үй сатып аламыз деп уәде берген едің ғой. Кеше ғана үй іздегеніміз қайда? Бүгін көңілдесіңнің көңілін көтермекпісің?» - деген ол күйеуін бас салып төмпештей бастаған.

Оқиғаға куә болған әйелдер қаумы көліктің есігін ашып, онда отырған бойжеткенге ұрсып, намысына тие бастаған. Ол да құр отырмай, жауап қайтарған.

Оқиға соңында полиция қызметкерлері келіп, үш негізгі кейіпкерді алып кеткен.


Дереккөзі: Сегодня
 


Жаңалықтар