Әлем жаңалықтары
9 желтоқсан 16:15
Көңілдестер фермерді өлтіріп, доңыздарға жем қылған
Омбыда көңілдестер фермерді доңыздарға жем қылған. Көңілдестер ауылдың қарт тұрғынында ақша бар екенін біліп, оны тонамақ болған.


 
Оқиға өткен қыста Боголюбовка ауылында болған. Әйел адам көңілдесіне қарт тұрғынды масайтуды ұсынады. Бірге ішімдік ішкеннен кейін қылмыскер қарияны тұншықтырып өлтірген. Күдіктілер үйден 200 мың рубльді алып, қылмыстарын жасыру үшін мәйітті доңыз қораға апарып тастаған. Бірнеше күннен кейін фермердің туысқаны қарияның жоғалып кеткенін айтып, құқық қорғаушыларға хабар берген.
 
Соңында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындаған. Сот 40 жастағы Қазақстан азаматына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, 43 жастағы әйел адамға 9 жыл жаза тағайындаған.

Дереккөз: www.segodnya.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика