|    |  
21 қазан 2019
02:25
қаз
Қонжық көліктің ішіне кіріп шыға алмай қалды (ВИДЕО)
14 шілде 2016, 10:47 22


АҚШ-тың Голден қаласында (Колорадо штаты) полиция қызметкерлері тұрғындардың бірінің көлігіне кіріп сыртқа шыға алмай қалған қонжықты босатып жіберді, деп хабарлайды Mashable.
Жыртқыштың баласының машинаға қалай кіріп кеткені белгісіз. Көліктің ішінің қирағанына қарап қонжықтың шыға алмай жатқанына біршама уақыт өткенін аңғаруға болады.
Полиция көмекшісі жүк салғыштың есігін ашып жіберген, сол кезде оның жанындағы серігі мылтық ұстап сақтандырып тұрды. Таза ауаға шыққан қонжық алды артына қарамай орманға зытты.


 


Жаңалықтар