13 Декабрь
09:44
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
1 ақпан 15:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көп нәрседен ыңғайсызданам - Айнұр Тұрсынбаева


Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбанбаева  әлеуметтік желіде ыңғайсызданатындығын жеткізді. «Көп нәрседен ыңғайсызданам... Әсiресе инстаграмда... Алғашқы кезде бәрi қызық едi...Оқырманның бәрi мейiрiмдi, қайырымды болып көрiнетiн... Не көрсем де, не ойласам да салғым келiп, жазғым келiп тұратын... Қазiр ыңғайсыз... Тамақ салсаң "жаман жегенiн айтады" боп кетедi... Киiм салсаң мақтаншақсың... Өмiрде өзiм жiберген қателiктердi басқалар қайталамаса екен деп кеңес берсең "қай бетiмен ақыл айтады" деп жанды жерiңдi тырнайтындар көбейедi... Соңғы кезде инстаға кiргiм келмейдi, рас... Затым әйел, атым ақын болған соң ба, бәрiн ауыр қабылдаймын... Абай айтпақшы, "жақсылық көрсем өзiмнен, жамандық көрсем өзiмнен..."Жақсы көретiндер жек көретiндерден көп... Тәлiм алғысы келетiндер мiн iздеушiлерден көп... өте көп...Бiрақ бiр кесе тәттi сүтке бiр тамшы у тамып кеткендей әсер ғой сол баяғы...Ешкiмге ақыл айтудан аулақпын... Бiздiкi тек ой бөлiсу ғой... "Көп жасағаннан емес, көптi көргеннен сұра..." Мен жеп жатырмын деп те тамақ салған емеспiн... Осында отырғандардың көпшiлiгi үйде отырған қыз-келiншектер... "Жақсыны үйрен" деген жақсы ниет едi менiкi... Әрiм өз керегiн алады ғой деп жаза беремiн, жаза беремiн...Жек көрсеңiздер шығып кетiңiздер деп қатайғым да келмейдi... Менi жақсы көрiңiздершi деп жалынуға да аузым бармайды.. Себебi, тым жақсы адаммын деп мақтана алмаймын..Айтуға моральдiк құқығым жоқ тақырыптар да бар, ондай жерден қашып жүремiн... Жақсылығымнан жамандығым көп... Қасиетiмнен қателiгiм көп... Перiште емеспiн, данышпандығым жоқ... Менде сiздер сияқты әйелмiн..Пендемiн...Жек көрсеңiздер де, жақсы көрсеңiздер де болмысым осы... Мархабат..!»,- деп жазады Айнұр.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    1230
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии