|    |  
26 наурыз 2019
00:59
қаз
Көп тараған ауруларды емдеу
18 ақпан 2019, 17:55 12


 Ұшық. Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай бо- лып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағ-дайлардан болады деп санайды.Ұшық жұқпалы. Сол кезде «симплекс ұшығы» деген вирус аузыңызға кіріп кетіп, ұшық жұқтырасыз. Ұшықты емдеу, алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:1.Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз.2. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады.3. Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың 2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады.4. Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз. 
5. Ұшық көбінесе стрестік жағдайлардың салдары болғандықтан, жақсы демалып, бұлшық етті бос ұстаңыз. 6. Ұшықты жазу үшін алоэның сөлін сығып алып, оны шай қасықпен күніне 2-3 рет ішіп отырады. Және де терек ағашының сөлімен ұшық шыққан жерді күніне 2-3 рет сүртеді. 

• Сүйел. Тері қабатына шығатын қабыну – сүйел. Оны емдеудің жолдары көп. 

1. Сарымсақты үгіп, оны шошқа майымен араластырады. Матаға жағып, сүйелге таңып байлайды. Және күнде ауыстырып тұрады. 

2. Сіркесуда пиязды 2 сағат ұстайды. Кейін пиязды алып, түнге қарай сүйелге таңып, байлайды. Қатты тартады, шыдауыңыз қажет. Осылай бірнеше рет жасаса, сүйел тамырымен қопарылып шығады. 

3. Сүйелге ешқандай қоспасы жоқ борды себеді де, байлап тастайды. Бірнеше рет жасаған соң, сүйел кетеді, бірақ ылғалды суды жолатпау керек. 

4. Күнде сүйелді жерге жаңа піскен алманың сөлін жағады. Сүйел бірте-бірте кішірейіп, соңынан қараяды да, кейін көп ұзамай жоғалып кетеді. 5. Сүйелге шикі кар-топтың шырынын жағады. Крахмалдың әсерінен құр-ғап, кешікпей жойылады. 

• Секпіл. Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді. Бірақ бұрынғылары кеткенмен, орнына қайтадан жаңалары шықпасына кепілдік жоқ. Сондықтан ең дұрысы – сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінше сақтанып жүру. Күн ысыған маусымдарда Е,С дәрумендерін ішу де секпілден сақтануға көмектеседі. 

Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, айнаға қарап, секпілдің байқалмайтынын көруге болады. 

• Ешкі қотыр Ол – жұқпалы ауру. Жатын орын, киім-кешек пен ыдыс-аяқтан жұғады. Ешкі қотырды анықтап қараған адам тері астында болар-болмас қара сызықтың тартылып жатқанын аңғарады. Сызықтың ұшында қызарған бөртік байқалады. Ол суланып тұрады және қатты қышиды. Қасыған кезде қотырдың көлемі ұлғая түседі. Ол көбейіп кетсе, іріңді жараға айналуы мүмкін. Халық емі бойыншв ешкі қотырға мынандай емдер қолданылады: 

1. 100 грамм ешкі майын отқа қыздырып, үстіне 40 грамм күкірт ұнтағын салып, араластырып қояды. 3 күн қатарынан жағып, төртінші күні киім-кешекті қайнатып жуып, тазалайды. 

2. Алакүлік деген қоңызды ұстап алып, оны ыстық суға салып өлтіріп, кептіріп, оншақты данасын ұнтақтап, 1,5 – грамм күкірт қосып, күнжіт майымен араластырып қотырға жағады. 

• Түтін, дәрі, газбен улану Улы газбен уланған адамды әуелі таза ауаға алып шығады да шалқасынан жатқызады, көйлегінің түй- мелерін ағытады. Дәріха- надан оттегі көпшігін тездетіп әкеліп, онымен ұзақ дем береді. Зардап шегушінің басына, кеудесіне мұздай компресс басады. Адам есінен танбаса, ыстық шайды немесе кофені көбірек ішкізеді. Уланған адамның денесін уқаласа, мұрнына мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетеді. Оны мұрынға тигізіп алмау керек. Олай жасаса, мұрынның күйіп қалуы мүмкін. 

Ауылшаруашылық дәрі-лерден уланғанда: қызыл мия 120 гр. тальк 15 грамдай қосып қайнатады, сал-қындағаннан кейін күніне 3 рет ішеді. 

Қорғасыннан улануға: қызыл мия 9 г., өрік дәні 12 г суға қайнатып, күніне 2 реттен 3-5 күн ішеді. 

Зардап шегуші дем алмаса, тынысы әлсіз болса, жасанды тыныс алдырады. Қажет болса, жүрегіне массаж жасайды. Жалпы, қандай жағдайда да «Жедел жәрдемді» тезірек шақырту қажет. Зардап шегушіні ауруханаға көлікпен апарғанда бүйірінен жат-қызады. Улы газбен уланудан өкпе мен жүйке жүйесі тарапынан болатын ауыр асқынулардың бірнеше тәуліктен кейін де байқалуы мүмкін. 

• Іш қатау Одан арылу үшін мынандай халық емін жасаған жөн: 
1. Бұрыш, жалбыз (мята перечная), андыз (девясил), қара жеміс (жестер) шөптерінен бір ас қасықтан алып, оған қалақай шөбі мен тасшүйгін шөбінің тамырын ұнтақтап қосып (2 ас қасық), 1 литр суға 10-15 минут қайнатады. Бір күн тұрғызған соң науқасқа күніне 3 рет 30 грамнан береді. 

2. Екінші шипашақ: мыңжапырақ (тысячелистник), апис, қаражеміс жемістерінен 2 ас қасықтап алып, жақсылап ұнтақтап, араластырады, оны жарты литр суға салып, шай тәріз- дес демдейді. Осы қоспаны науқасқа 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 30 грамнан ішкізеді. Егер бұл шөптер үйіңізде болмаса, оларды дәріханалардан не базардан дәрілік шөптер сататын адамдардан алуы-ңызға болады. 

• Сальмонеллез. Оның бактериялары тамақ арқылы жұғады. Сальмонелезден сақтану шарттары мынандай: 

* Қатып тұрған шикі етті жылы суға салып жібітуге болмайды. Өйткені, ондайда сальмонеллездің көбеюі қарқынды жүреді. 
* Піспеген етті дайын тамақпен қатар қоюға болмайды. 
Мынандай ережелер де қатаң сақталуға тиісті: 
* Ет, балық, жұмыртқа сатып алынған кезде әрқайсын жеке полиэтилен қалтаға салады. 

* Тоңазытқышта шикі етке, балыққа арналған арнайы ыдыстың болуы қажет; Шикі етпен піскен етті арнайы бөлек тақтайлар- да, бөлек пышақтармен турайды; 

* Дайын тағам өнімдерін (ет және ет өнімдерінен жасалған) қолданар алдында жылумен қыздырып, өңдейді; 
* Кремі бар кондитер- лік өнімдерді, салаттар- ды тәуліктен артық сақта-майды; 
* Азық-түліктің жарам-дылық мерзімін қарап, анық- тап алғаннан кейін ғана сатып алып тұтынады; 

* Жеке саудагерлерден бәліш, самса, шұжық, мәнті алмайды; * Ауырып қалған жағдай- да міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс. Үйде тамақ-тан сальмонеллез ауруымен бір адам сырқаттанып қалса, оны басқалардан бөлектейді, оңашалайды. Ас ішетін ыдысы да бөлек бо-луға тиіс. Үйді күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп тұрады. Өйткені, сальмонеллез бактерияларының үй- де ұзақ сақталуы мүмкін. Емдеу ерте басталса, ол созылмалы түрге ұласпайды. 

• Буын ауруы. Буын ауруынан аяғын баса алмай, құшағын аша алмай қалатындар көп. Халық емінде сыздаған буынды, қақсаған сүйекті мынандай қоспамен емдеп жазады: 

1 ас қасық құрғақ қышаға (горчица) 1 ас қасық күнбағыс майын, 1 ас қасық бал қосып, бәрін араластырады, үстіне бір тектес соқтаға (масса) айналдыратындай мөлшерде су құяды. Осы қоспаны қозғалтпай сыздаған буын, сырқыраған сүйекке жағады. 

Буынға тұз тұнғанда, ревматизмге шалдыққанда, қант диабетінде жақсы ем – шиеден жасалған дәрі. Оны жасау үшін шиенің ұсақ тамырын қазып алып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтау қажет. Осы ұнтақтың 200 грамын 3 литр суға қайнатып, бір күн тұндырады. Сосын оны сүзіп, 150 грамм алма сірке суын құйып араластырады. 

• Сыздауық(шиқан). Оны кей жерлерде шиқан деп те атайды. Сыздауық асқынып кетсе, көпке созылады. Әсіресе, бетке, мой ынға шыққанда өте қауіпті. Өйткені, қан тамырлары арқылы аурудың уыты миға шауып кетуі мүмкін. Сыздауық суықтың әсерінен, майлы без бен ткані-нің қабынуынан және киім қажағанда, не терінің бір нәрсе сызып кеткен жерін ауру қоздырғыш (стафилококк) микробы енуінен болады. Сыздауықтың жалғасып бірнешеу болып шыққан түрін фурункулез дейді. 

Сыздауықты қолмен сығу, инемен, түйреуішпен шұқу мүлде қате. Оның жарылып, ішіндегі соқтасымен қанды іріңнің шығуына тек дәрігерлік емді ғана пайдаланған жөн. Адам дұрыс тамақтанып, дене, төсекорын тазалығын сақтаса, спортпен айналысса, сыздауықтан аулақ болады. 

Шиқанның бірден-бір емі – пияз. Пиязды екіге бөле-ді де, бір жартысын таба-ға күйдірмей қыздырады, былқылдап босаса жеткілікті. Ыстық күйінде шиқанның аузына тартып, таңып тастайды. Пиязды 4 сағат сай- ын жаңалайды. Көп кешікпей шиқан жарылып, жазылады. 

Тарамыстың, сіңірдің тартылуы. Балтырдың тарамысы тартылса, башпайыңыздан ұстап табанды сілке кілт тартыңыз да, ауырғанына қарамастан сол күйінде біраз ұстап тұрыңыз. Онымен қоса бір мезгілде тартылған жерді сылау керек. Үш-бес минуттан кейн тырысқаны жазылады. Сонан соң балтырға жылытқыш (грелка) басып, көрпемен қымтап тастаңыз. 

Аяқтың сіңірінің тартылуына жасалатын ем: Таңертең және кешке табаныңызға жаңа лимон-ның шырынын жағыңыз. Кептіріңіз. Ем-домды осы- лайша екі апта бойы қа- былдасаңыз айығып ке- тесіз. 

• Цистит. Аяқтан қатты суық тигенде қуықтың қабынып ауруын медицина тілінде – цистит дейді. Оған қарапайым ас тұзының шипасы мол. Оны былай пайдаланады: 
1 пакет тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады. Мақта матасынан тігілген дорбаға оны салып, қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұрады. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам циститтен жазылады. Тұздың қасиеті тез ысып, өте баяу суиды. Мұндайда табаннан өткен жылу бүкіл денеге тарап, түрлі аурулардың алдын алады. 

Қуық қабынғанда піскен жүгерінің шашағын күніне бірнеше рет шай орнына қайнатып ішеді. Қуық қабынуына шиенің жемісі түбіндегі сабақтың да септігі мол. Оны шай орнына ішіп, емделеді. Оларды жиып алып кептіріп, керек кезінде дәрі ретінде пайдалану қажет. 

Сарысу (ревматизм) Оның бірнеше түрлі емі бар. Олардың көп тарағаны мынандай: 
1. 200 гр. тұз, 100 г. құрғақ қышаға (горчи- ца) 300 гр. керосин (та-зартылған) құйып, балшық сияқты жентек дайындайды. Жатарда ауыратын жерге сіңіріп жағады. 

2. 100 гр. араққа 2 сауын (флакончик) валериа-на тұнбасын араластырып, кейін 2 ащы бұрыштың қабығын қосады. Қоспаны 32 сағат тұндырып қойып, ауырған жерге жақса, оның қақсағаны қояды. 

• Баспа (ангина). Баспасы бар адам сәл суық су ішсе болғаны, келесі күні тамағы жұтындырмай, ауырып шыға келеді. Баспаны емдеу үшін сізге қарапайым йод керек. Сосын шанышқының сабына зарарсыздандырылған мақтаны (оның үстінен жіппен орау қажет) орайды. Мақтаны йодқа батырып, онымен бадамша бездерін (гланда) бір рет басады. Осыдан кейін баспамен ауырмайтын болады. 
Баспамен ауырған адам салқынға шықпай, жылы үйде жатады, сұйық та-мақты көбірек ішеді. Та-маққа, мойынға компресс жасайды. Ауызды әлсін-әлсін ас содасы ерітіндісімен, не бір стақан суға бір шай қасықтай қосылған бор қышқылы қоспасымен шаяды. Бас ауру, дене қызуы күшейсе дәрі ішеді. 

Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жуып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын 600 грамм суға салып, 15-20 минут баяу отта қайнатады. 40 минут сал-қындатып аш қарынға таңертең және жатар алдында тамақты шаяды. 

2 дана алмұртты 300 г сүтке салып, 30 минут баяу отта қайнатып ішсе де ем болады.


Жаңалықтар