23 Август
21:35
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
11 мамыр 15:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көп ұйықтайтын ел анықталды


Ұялы телефонға арналған қосымшаның көмегімен америкалық ғалымдар әлем мемлекеттеріндегі ұйқы ерекшелігін анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, голландиялықтар Жапония не Сингапур тұрғындарына қарағанда бір сағат артық ұйықтаса, әйелдер ер адамдарға қарағанда көбірек тәтті ұйқыға беріледі екен. Оған қоса, орта жастағы ер адамдар аз ұйықтайтын көрінеді деп жазады Лента.ру.

Зерттеу Мичиган университеті ғалымдар тобының 2014 жылы джетлагпен, яғни сағаттық белдеу өзгерісі синдромымен күресуге мүмкіндік беретін ұялы телефонға арналған Entrain қосымшасын ойлап табуынан басталды. Қолданушыларға көңілі қалаған уақытта өз мәліметтерін ғалымдар тобымен бөлісе алатындай мүмкіндік жасалған.

Нәтижесінде, Сингапур мен Жапония халқы орташа есеппен 7 сағат 24 минут, Нидераландыда 8 сағат 12 минут, Францияда 8 сағат, ал Ұлыбританияда 8 сағаттан сәл азырақ ұйықтайтындары анықталған.
нравится:    891
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Серік2016-05-12 08:37:00
    Қызықты екен