|    |  
13 қараша 2019
01:58
қаз
​Көпен Әмірбек екі әйелі жайлы шындықты айтты
17 қазан 2019, 16:30 485
Жазушы, сатирик Көпен Әмірбек «Қарақатпен шай» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы жайлы шындықты айтты.


 
«Алпыс бес жасымда ұлды болдым. Қазір жасы бесте. Бірінші әйелімнен бір ұл, бір қызым бар. Екінші әйелімнен осы ұлым. Бірінші әйелім екінші әйел алуға рұқсатын бермеді. Ренжіді. Біздің кетіскен ештеңеміз жоқ. Балаларым жақсы араласады. Тағдыр. Солай болды енді. Ештеңеге өкінбеймін. Менің екінші жарым менен 35 жас кіші. Шынын айтқанда былай болды. «Аға деді, менің жасым отызға келді. Мектепте оқыған қыздардың бәрі тұрмысқа шықты, университетте оқыған қыздар тұрмысқа шықты. Көбісі ажырасып кетті, көбісі көшеде жүр, кейбірі амал жоқ тұрып жатыр. Мен сіздей ел білетін, есімі бар адамнан ұрпақ көрейінші. Басқа ештеңе керек емес, болды деді. Жас жігітке шығып, одан қайтып ажырасып немесе ырың-жырың өмір сүргенше, атақты адамнан туып алдым дегенім артық деді. Сосын мен жарайды дедім. Сөйтсем, ар жағы дұрыс, ниеті түзу қыз екен. Мен оны қалай далаға тастаймын. Қазір бәрі жақсы, баламызбен күнде ойнаймыз. Қолым бос болса болды, баламды аулаға шығарып, ойнаймын. Баламмен бірге балалық шақты еске алам. Бірінші әйелімнен сағыныш деген қызым, Қуаныш деген ұлым бар. Екінші әйелімнен туған ұлымның аты Жұбаныш. Екінші әйелім ата-анасына маған тұрмысқа шығатынын біртіндеп айтты. Ол кісілер «таңдағаның осы болса, енді өз дегенің болсын» деп баталарын берді. Басында өзіміз жеке тұрып жатқаннан кейін, қайын жұртқа барып, алдынан өтейік дедік. Сонымен Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерман досымыз үшеуміз баратын болдық. Сонда ол кісілер, ауылға келмеңдер, ауыл шулап кетеді, одан да үндемей жүре беріңдер деді. Осылай басқаша жөн-жоралғы жасалды. Той жасап, дақпырт қылуға мен өзім қарсы болдым. Қазір қайын жұртпен жақсы араласамын. Бірінші әйелммен қазір телефон арқылы сөйлесеміз. Ұлым дұрыс қабылдады, қызым анасына жақын ғой, басында қарсы болған, қазір қабылдады. Бір күні зиялы қауым жиылып, «әй, Көпен, сен келіннен кетіп қалыпсың ғой» деді. «Аға, мен нағыз шабандоз бола алмадым» деп бар кінәні өзіме арттым. Әйелімді кінәламаймын»-дейді сатирик.  


Жаңалықтар