24 Сентябрь
14:42
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Туризм
8 шілде 15:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көпшілік біле бермейтін Азияның 10 кереметі
Азия елдері түрлі көрнекілі орындарға, ескерткіштерге және табиғаттың ерекше жаратылыс  жағдайларына өте бай. Бірақ Азия елдерінің көрнекілі орындары деген кезде біздің ойымызға Тәдж-Махал мен  Қытай қорғаны түсетіні шындық. Алайда Азияның жауһарлары, адамдар біле бермейтін кереметтері әлі көп. Біз туристерге онша таныс емес Қытай, Қазақстан, Таиланд және Азияның басқа да елдерінің көрнекілі орындарының басын қосуға тырыстық...

Ақ ғибадатхана, Таиланд



Тайландта әлемдегі ең керемет құлшылық үйі орналасқан. Ақ ғибадатхана деп аталып кеткен ғимаратты Чалермчай Коситпипат есімді суретші тұрғызған. Ол Будданың пәктігін білдіру үшін сарайдың іші-сыртын ақ түспен безендірген. Ғибадатхананың басты бөлмесіне кіру үшін сіз сайтандар күзететін кіре берістен, елестерге және көптеген  жасанды қолдар орналасқан  өзен бетіндегі  көпірден өтуіңіз қажет. 

Данься, Қытай



Жарық бояулар көзді қуантып жатыр – жергілікті таулардың қызылдау құмдақ реңдері күнде ойнап жатыр. Қытайдың түрлі түсті таулары теңіздегі толқынды еске түсіретін суреттермен таңқалдырады.

Ширваншах сарайы, Әзірбайжан



Біздің заманымызға дейін жақсы сақталған сарай ежелгі Римнің сәулет өнерін еске түсіреді. Осы суретте көрсетілген ғимарат кезінше монша болған.

Қырандар аңғары, Монголия



Гоби құмды жазығында орналасқан ерекше  табиғат.  Бұл аңғар тереңде орнадасқан. Оның бойынша жаздың аптап ыстығының өзінде мұз жатады.

Бокео қорығы, Лаос



Осы қорықтан Оңтүстік-Шығыс Азияның керемет табиғатын көруге болады. Дәл осы жерден әдемі және дүниежүзінде сирек кездесетін гиббондарды тамашалауға болады.

Халонг бұғазысы, Вьетнам



Бухта Халонг бұғазы Вьетнамда орналасқан. Осы бұғазды көруге келуші туристер саны өте көп. Бұл бұғаздағы аралдардың шамамен 1,900 елсіз аралдар болып табылады. Табиғаты өте көз тартарлық бұл жер барлық адамдарды таңқалдырады />

Шведагон ғибадатханасы, Мьянма



Бұл ғибадатхананың қашан тұрғызылғандығын ешкім білмейді. Кейбір зерттеуші мамандардың болжамына қарағанда ғимарат б.д.д. 500 жыл бұрын салынған деп есептейді. Нақты құжаттамалар жоқ.

Диан Давон плантациясы, Оңтүстік Корея



Керемет әдемі шәй өсіретін плантация жыл сайын турсттердің қызығушылығын арттырып келеді.  Бұл шәйді өсірудің табиғи ортасын көзбен көрудің керемет мүмкіндігі.

Шарын шатқалы, Қазақстан



Шатқалдар  154 километрге созылып жатыр. Кейбір жерлердегі шатқалдар қабырғасының биіктігі 300 метрге дейін жетеді. Бұл таңғажайып табиғат туындысының тарихы - 12 миллион жылға ұласады./>

Оптимисттер ауылы, Тайвань




Жан-жағыында әскери база орналасқан  ауылы түрлі түсті сәнді боялармен барлық үйлері көмкерілген мекен. Ауылдың қарт тұрғыны Хуан Юн-Фу соғыс кезінен қалған бояулармен өз үйінің қабырғасын әсемдей бастайды. Бұл идея жергілікті студенттерге ұнап, ауыл үйлерінің барлық қабырғаларын осылай бояп шығады. Бұл бояулар кішігірім ауылға Әлемдік танымалдық сыйлады. 

Дереккөзі : http://interesno.nur.kz/







 
нравится:    2472
Теги: Әлемге саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии