|    |  
20 қараша 2018
14:43
қаз
Кореяда өзі жуып, үтіктейтін «ақылды» шкаф ойлап табылды
30 қыркүйек, 10:48 1140
Киімдерді өзі тазалап және үтіктеп шығаратын функциясы бар шкафты  Оңтүстік Кореялық LG компаниясы ұсынды деп хабарлайды Daily Mail.
Бұл жаңа модель LG Styler атауға ие болған. Қондырғы киімдерді химикатсыз және кір жуғыш ұнтақсыз тазалауға арналған. Киімдерді тазалау процестеріне тек су ғана қажет.



Аталған киімді тазалайтын шкаф будың көмегімен жұмыс жасайды. Құрылғыны ойлап тапқан мамандардың пікірінше, бұл әдіспен 99,9% бактерияны жоюға көмектеседі екен. Сондай-ақ  ол тазартылған киімді  адамдардың талғамы сай хош иістендіре алады.




Шалбарды жуу және үтіктеу үшін бар болғаны жарты сағат уақыт кетеді.



Мұндай «ақылды» технологияның бағасы шамамен 2 мың АҚШ долларын құрайды. Компания өкілдерінің айтуына қарағанда «ақылды» технологияны көпшілік жағдайларда отелдер сатып алмақ.
Жаңалықтар