11 Декабрь
07:59
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
9 тамыз 11:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көріңіз, көлік жуушы жігіттің биі көңіліңізді көтереді


Ақтаулық 22 жастағы Жомарт Тыныштық өзінің бетперде киіп билеген биімен көпшіліктің көңілінен шығып, ықыласына бөленді. Ол мұндай биді ғаламтор арқылы бес жыл бұрын үйренген. 



«Jabbawockeez» тобының өнеріне тәнті болушы едім. Ол кезде бұл топ танымал болатын. Мен олардың қимыл-қозғалыстарын есіме сақтап, дәлме-дәл қайталауға тырыстым. Қасымдағы адамдарға ұнады. Кейбірі тіпті іс-шараларды өнер көрсетуімді сұрайды. 19 жасымда  «Минута славы по-актауски» байқауына қатысып, бірінші орынды иелендім. Сыйлық та алдым. Әрі қарай өнерімді дамытуға уақытым болмады. Көп жұмыс істедім. Сондықтан билеуге шамам келмеді. Биыл бизнеспен айналысуға бел шештім. Екі апта бұрын автокөлік жуатын тұрақты жалға алдым. Видеодағы би де осында түсірілді. Бетперде киіп билесем де, клиенттерім танып, билеуімді өтінеді. Мен әрдайым дайынмын. Бұл жарнама тұрғысынан да жақсы. Осылайша клиенттер көп жиналуда. Барлық автотұрақты билей бермейді ғой"-дейді Жомарттың өзі. 



Дереккөз: lada.kz
нравится:    1298
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии