16 Август
23:20
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Авто
17 шілде 13:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қорқынышты фильмдердің сюжетін еске салатын жол апаты орын алды


Орегонда (АҚШ) орын алған жол-көлік оқиғасы куәгерлерді ғана емес, полиция офицерлерінің өзін қатты шошытты.

Жүрек айнытатын оқиғаға миксина деп аталатын теңіз жануарын тасыған жүк көлігінің жол апатына ұшырауы себепші болған.

Жүргізуші көлікті басқара алмай, бірнеше автокөлікті соққан. Қатты соққының әсерінен жүк көлігі тасымалдап келе жатқан контейнерлердің бірі жолға аударылып, ішіндегі теңіз жануарлары жолға шашылып қалған.



Миксиналардың түрінің өзі жиіркенішті болып келеді және олар күйзелісті жағдайға ұшыраған кезде өз денелерінен көптеген мөлшерде шырыштар бөліп шығара бастайды.

Авария кезінде бір ғана адам аздаған жарақат алған. Бірақ, жол бойындағы көрініс оқиға куәгерлерінің бәрінің жүрегін айнытып, қорқынышты фильмдердің сюжетін еске салған.

Миксиналар дәмі жағынан тағам ретінде пайдалануға болатын балықтарды еске салады, бірақ олардың түрінің өзі адамды шошытады.

Жүк көлігімен тасымалданып келе жатқан бұл партия Оңтүстік Кореяға жөнелтілуі тиіс болған.






 
нравится:    520
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии