18 Декабрь
11:18
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
16 наурыз 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қорылдауды қалай басуға болады?

Silent Partner краудфандинг (өз еркімен жиналған халықтық қаржыландыру) көмегімен жиналған қаржығаадам қорылын дыбыстық толқын арқылы басатын гаджет жасап шығарылды. 

Құрылғының қызмет ету принципі дыбыс басатын технологияға негізделген. Үлкен емес, жеңіл гаджет ұйықтап жатқан адамның бетіне қойылады. Құрылғы қорылдың жиілігі мен амплитудасын бағалап, содан соң дәл сондай, бірақ фазасы бойынша кері толқынын түрлендіреді. Оларды таға тәріздес құрылғының түп жағындағы аздаған динамика таратады. Нәтижесінде екі толқын кездесіп, бір-бірін сәтті "жояды".

Silent Partner гаджетін өндіруші Натаниэля Эйяляның айтуы бойынша, құрылғы ұйықтап жатқан адамнан 20 см қашықтықтан бастап тиімді. Сонымен қатар, оның қашықтығы үлкейген сайын тиімділігі де жоғарылай түседі. Егер ұйықтап жатқан адам қозғалса, құрылғы да қозғалып кетпей ме деген сұрақ туады. Алайда өндірушілер бұл сұрақтың да шешімін ойластырып қойған: гаджет арнайы медициналық желіммен ұсынылады.

Өндірушілер 2016 жылы қараша айына осы құрылғының жаппай сатылымын жоспарлады. Төмендегі бейнежазбадан қорылды басатын гаджет туралы толығырақ таныса аласыздар.



massaget.kz
нравится:    891
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии