20 Январь
16:40
Астана: -17 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Мәдениет
26 желтоқсан 15:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қос сазгер Қайрат Нұртас орындайтын әнге таласып жатыр
Қазақ эстрадасына белгілі қос сазгер Ербол Байырбеков пен Ғазизхан Шекербек Қайрат Нұртас орындайтын «Жаралы жанның әні бұл» деген әнге таласып жатыр. Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасында айтылды. 

 
 
Әнді Қайраттың сахнада орындап шыққанына үш жыл. Бірақ бұл әннің дауы енді шығып жатыр. Әнді Жазира Байырбекованың ағасы менікі десе, Ғазизхан Шекербек оны өзім жазғанмын дейді. Әннің ең алдымен сөзі туған. Оны ақын Ақмарал Леубаева жазыпты.
 


«Сіз әнді Мақпал Жүнісоваға берем деп едіңіз ғой. Қайрат Нұртасқа беріпсіз ғой. Құтты болсын әпке дедім. «А, бұл әнді сен жазып па едің» деп қалды ол кісі. Дұрыс емес нәрсе, көрініп тұр ғой. «Сен жазып па едіңіз не? Мен сізге гитарамен орындап жіберіп едім ғой. Концертте беріліп жатыр, астында басқа біреудің аты жазылып тұрғанын көргенде ызам келді. Мен өзімді танимын»-деп мәлімдеме жасаған Ербол Байырбеков одан бері де үш жыл өтсе де қатты ашулы.


  
Ал Ғазизхан Шекербек болса мұны түсінбей әлек. «Жазира ханым туған ағасының әнін танитын шығар. Бұл не әңгіме? Қойыңыздаршы, ұят емес пе? Әуелде әннің мәтіні Мақпал Жүнісова апамызға арналып жасалған деді. Осы мәтінге ән жазып көрші. Ербол Байырбеков деген ағаң жазды. Ол сәл келіңкіремей тұрған сияқты. Сен көрші енді деді. Бірақ мен ол кезде ол әнді тыңдамағам. Сосын мен жаздым, ұнатты. Мүмкін Ербол мырза өзі ұнатқан шығар. Егер сол кісінің әнін тапсаңыздар менікімен салыстырып көріңіздер. Мен тәжірибе жинау үшін басқа музыканттарды тыңдаймын. Бірақ ол кісі сияқты музыкантты емес, айып етпесін»-дейді сазгер.


  
Екі оттың ортасында Ерболдың қарындасы Жазира Байырбекова қалған. Бірі туған ағасы, бірі өнердегі інісі. «Ағам хабарласып, менің әнімді Ғазизхан Шекербектікі деп Қайрат Нұртас айтып жүр деді. Ғазизхан Ерболдың әнін тыңдамай басқаша етіп шығарған ғой. Бірақ ол Ерболдың әніне ұқсап кеткен. Қайсының әні екенін өзім де түсінбей қалдым. Ғазизханға бұл ағамның әні дейін десем оның ағамның әні екеніне көзім жетпейді. Ағама ол Ғазизханның әні дейін десем ағам түсінбейді»-дейді өзі.
  
Дереккөз: Reactor
нравится:    267
Теги: Музыка, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии