24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
29 маусым 12:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көшеде келе жатқан көлік үстіндегі жылан жолаушыларды шошытты


Таиландта көшеде келе жатқан көліктің жүргізуші мен оның ішіндегі жолаушылар өздері менген көліктің сыртқы айнасына оралып тұрған жыланды көргенде төбе шаштары тік тұрды.

Жорғалаушыға қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктің айнасына жабысып тұру қатты ыңғайсыздық тудырған болуы керек, ол тіпті жан сақтау үшін бір сәт терезеден көліктің ішіне тесіліп қарап тұрды. Сәлден кейін жылан көзден таса болған кезде, көлік ішіндегі жолаушылар терең дем алып, жүректері енді орнына түсе бергені сол-ақ екен, жылан қайтадан бой көрсетіп, жұрттың қайта зәресін ұшырды.



Себебі, жылан көліктің үстіне шығып алған екен. Ол енді қалайда көлік ішіне кіруге шындап бел буған секілді кейіп танытқан.
Әлеуметтік желіде жарияланған видео осы жерден үзіліп қалғандықтан, оқиғаның одан әрі қалай өрбігені әзірге белгісіз күйде қалып отыр.




Дереккөзі: https://120.su
 
нравится:    303
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии