19 Октябрь
00:42
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
18 шілде 16:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қостанай облысында жолдың астынан алтын табылды


Қостанай облысына қарасты Жітіқара және Қамысты аудандарының арасындағы жол 5 жылға жабылды. Оның астынан алтын қоры табылған. Бұл туралы BNews.kz хабарлады. 
Нақтырақ  айтсақ, Тоқтаров ауылдық округіндегі өзекті мәселелердің бірі жолдың жағдайы болатын. Шенеуніктер қазір «Орион Минералс» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Кәсіпорын Жітіқара – Тоқтаров – Коломенка бағытындағы жолдарды күтіп ұстауды мойнына алған. Жітіқарадан Қамысты ауданына дейінгі жолдың жиі қолданылатын бөлігінің астында мамандардың болжауынша алтын жатыр.   
Кен өндіруші компания мұнда алтын шығару жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жолдың бес жылға жабылатыны белгілі болды. Бұл кей ауылдардың тұрмысын одан сайын қиындатып жібермек, олар енді қалаға айналма жолмен баруға мәжбүр. Есесіне «Орион Минералс» ЖШС жұмыстар аяқталған соң жолдың Қамысты желісін қайта қалпына келтірмек.
 
нравится:    1105
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии