11 Декабрь
17:24
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Авто
30 сәуір 09:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қостанай зауыты 20 000 автомобиль құрастырды
Мұндай атаулы рекордтық цифрға қол жеткізу 2010 жылы кәсіпорынды іске қосқан сәттен бастап бес жыл ішінде  мүмкін болды.


15 мыңға жуық автокөлікті, нақтылап айтсақ 14 542 автомобиль «АгромашХолдинг» қуатында жиналды, ал қалған 5 458 көліктер «СарыаркаАвтоПром» жасап шығарды. AllurGroup үшін 20 мыңыншы автокөлік - SsangYong Nomad болып тіркелді.


SsangYong Nomad құрастыру

Алғашқы жылдары зауыт жылына тек 77 автомобиль шығарды, бұл көрсеткіш аталған мерзім ішінде он есеге дейін ұлғайтылды. 2012 жылдарға қарай Қостанай зауытынды құрастырылатын автомобильдер қатарын ZAZ, УАЗ және Iveco маркалары, 2013 жылы Peugeot маркалы жеңіл көліктер толықтыра түсті. Бір жылдан кейін олардың қатарына Geely, JAC, Hyundai және Toyota, жол талғамайтын Fortuner сынды автомобиль маркалары қосылды. Бұл көрсеткіштер жылына 8500 дейін машина құрастырып шығаруға мүмкіндіктер берді.
 
AllurGroup бүгінгі уақыттағы жоспарында өткен жылғы жетістіктерді қайталау, яғни 8500 автомобиль жинау мәселелері қойылған, қазірдің өзінде олардың 1165-і конвейерленіп қойылған.
 
Еске сала кетейік, 2014 жылы қыркүйек айында  Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО»  зауыты жүз мыңыншы LADA 4×4 көлігін шығарып, жоғары көрсеткіш орнатқан болатын.


Toyota Fortuner  құрастыру
 
нравится:    1926
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии