18 Декабрь
09:26
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Авто
25 маусым 14:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қостанайдағы зауытта көліктердің әлемдік 7 бренді құрастырылуда
Осыдан бес жыл бұрын алғаш жұмысын бастаған Қостанай зауыты бүгінде әлемдік көліктердің 7 брендін құрастырып шығарады. Соның бірі – Toyota Fortuner деп хабарлайды 24.kz порталы.


Оны құрастыратын жаңа желі осыдан тура бір жыл бұрын ашылған еді.

Аз-кем авто өндіріс тарихына үңілсек: Қостанайдағы машина зауытында ең бірінші рет 2010 жылы оңтүстіккореялық SsangYong көлігі құрастырыла бастады. Алғашында көп қосалқы бөлшектер жиналып, дайын күйінде келетін. Өйткені әлемдік тәжірибеде дәстүр сондай. Мінсіз машина жасау үшін әуелі дайын дүниені құрап машықтану керек.

Қостанайлықтар көлік жасаудың қыр-сырын жылдам меңгерді, кешікпей өзге маркаларға да жол ашылды. Арада 4 жыл өткенде Қостанайда әлемдік марка – Toyota Fortuner көлігін шығаруға қол жеткізілді. Бұл зауыт тарихындағы 842-осындай машина, жыл аяғына дейін тағы да мыңға тарта Fortuner көлігін шығару жоспарда.

Toyota Fortuner құрайтын жаңа желі былтыр маусым айында пайдалануға берілді. Оның тұсауын тікелей эфир арқылы Елбасы өзі кескен болатын.

Айта кету керек, қостанайлық зауыт – Toyota-ның Орталық Азиядағы алғашқы өндіріс алаңы. Желінің қуаты жылына 3 мың дана Fortuner құрастыруға жетеді. Жол талғамайтын көліктер негізінен Қазақстанның ішкі нарығына арналды. Басты талап – сапаны төмендетпеу.

Роман Глущенко, цех басшысы: 
- Шығарылатын өнімдердің сапасына қадағалау күшті. Алдымен кәсіпорынның ішінде мұқият тексеріледі. Одан кейін автомобиль саудасымен айналасатындар бақылайды. Ұсақ заттардан бастап негізгі бөлшектерге дейін түгел тексеріледі.

Ұланбек Сәрсенов, финалдық желінің шебері: 
- Қазір Номадта Қазақстан үлесі 37-ден 44%-а дейін жетті. Мақсатымыз – Қазақстан үлесін арттыра түсу.

Әлемдегі қаржылық дағдарысқа қарамастан, Қостанай машина зауыты өнім көлемін бәсеңдеткен жоқ. Мұнда былтыр 8 мың 500 дана көлік құрастырылды. Кәсіпорын биыл да осы межені сақтап қалуды жоспарлап отыр. Мемлекет жәрдемімен автоөнімді өткізу мәселесі де тиімді шешіліп келеді.
 
нравится:    712
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии