17 Август
05:31
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
5 шілде 17:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қой басының қасиеті
Ертеде қазақтың бір батыры ауыр жараланып, қалмақтың қолына түседі. Қалмақ қолбасшысы оны зынданға салуды бұйырады. Батырды аштан өлетін күйге келтіріп, дегенін істетпек ойға келеді. Сөйтіп, «Зынданға салыңдар! Қалаған бір тамағын айтсын, соны өзгертпей тек су беріп тұрыңдар. Бір ғана тамақ ішсе, ішіне жұқпайды. Әбден әлсірегенде маған алып келіңдер»-дейді.


 
Қазақ батыры күніне бір қойдың басын әкеп беруін сұрайды.  Күндер өткенде қалмақ қолбасшысының алдына, ойда-жоқта екі беті нарттай қазақты алып келеді.  Қалмақ басы таң қалып, мәнін сұрайды. «Қой басы етінде он екі түрлі дәру зат барын білмедің. Бас маған өлтірмес ас болды. Бастың осы қасиетін еліңе айта жүр»-депті.  Қазақ басты ең сыйлы қонағының алдына тартатыны содан қалса керек.
 
Бас тарту - кәде, жиын-той, аста, қонақ күткенде сойылған малдың басын қадірлі адамға сыбағалы, кәделі, сыйлы мүше ретінде тарту. Бас мүшесін дүниенің, жаратылыстың, әлемнің бастаушы күші деген ежелгі наным-сенімге байланысты оны жасы үлкен, сыйлы қонаққа немесе мәртебесі жоғары адамға Бас тарту байырғы ортада ежелден орныққан.
 
Үйтілген қойдың басын піскен соң мандайынан айқастыра тіліп, табаққа салып әкеліп тарту ырымы қазақ арасында біркелкі атқарылады. Шығыс Қазақстан, Моңғолия, Қытайдағы қазақтар мұны бастың жолын ашу деп атайды. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бұл қонаққа жасаған құрметтің белгісі болып табылады. Қазақ арасында қой басының құйқасын тілуді қасқалдақтау деп те атайды. Айқас тілу немесе қасқалдақтау (қас таңбасы) ұқыптылықты қажет етеді. Яғни қасқалдақтағанда бас сүйегі құйқа арасынан ырсиып көрінбеуі тиіс.
 
Дереккөз: kazakh-tv.kz
нравится:    527
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии