21 Август
01:18
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
22 желтоқсан 16:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қой жылындағы жұлдызды некелер
Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Отбасын құрып бақытты болу барлық жұмыр басты пенденің арманы. Осы өтіп бара жатқан жыл қазақ өнерінде жүрген көптеген жұлдыздар үшін берекелі, бақытқа толы жылдардың қатарын толықтырды. Қой  жылы шоу-бизнесте жүрген көптеген қыз-жігіттер теңін тауып, дүркіретіп той жасады. Сонымен 2015 жылғы жұлдызды некелер қатары төмендегідей:



1.     Қой жылында "Қапқарашка" деген атпен танымал болған қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев өзінің сүйгенін кездестіріп, той жасады. Үйлену тойы 2015 жылы 26 наурызда Жезқазған қаласында - орындаушының туған жерінде өтті. Тойға оның өнердегі әріптестері Бейбіт Қорған, Ернар Айдар, Ақылбек Жеменей және тағы басқа жұлдыздар қонақ болды.

null

2.    Superstar.kz жобасына қатысып, халық арасында танымал болған Әсем Жәкетаева маусым айында тұрмысқа шығып, үйлену тойын ғашықтар мекені саналатын Франция астанасы Париж қаласында атап өтті.



3. 25 қыркүйекте танымал тележүргізуші Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың үйлену тойы  Алматы қаласында дүркіреп өтті. Тойда Ашаның киген көйлегі көпшіліктің көңілінен шықты.



Екі жастың шаңырақ көтеру тойына туыстары, достары, сонымен қатар қазақстандық танымал тұлғалар қатысты. Тойға келгендердің арасында Айқын, Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова және All Давай тобының солистері бар. Айта кетейік, тойда екі жасқа арнап рэпер МС Сайлаубек ән айтты. 



4. Биыл «Меломен» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев Шымкент қаласында ұлан-асыр үйлену тойын жасады.



Тойға барлық қазақ эстрадасының жұлдыздары келді. Ғабиттың туған нағашы ағалары Сәкен мен Роман Майғазиевтер бастаған тойға келген қонақтардың ішінде Мейрамбек Беспаев, Кенжебек Жанабілов, Райым Уайыс, Мөлдір Әуелбекова, «Меломен» тобының барлық мүшелері жарларымен, «Заман» тобының әншілері, Құрмаш Мақан болды.
 

6f7c42b86b69840acf44fe244ee9bc88
 
5. Динара Қырықбаева мен Олжастың үйлену тойы өттіКөктем айында ұзатылып, дүркіретіп тойын өткізген Динара Қырықбаева шілденің 18-шы жұлдызында қазақ жұлдыздарын үйлену тойларын өткізді.


Тойға Мадина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, «Меломен» тобы, Нұржан Керменбаев, Сәкен Майғазиев, Кентал сынды көптеген әншілер қонақ болып қана қоймай, ән салып, тойдың сәнін келтірді.



6. Дәл осы жылы "Рэкетир 2"фильмінің жұлдызы Дастен Шакіров отау құрып отбасылы атанды. Салтанатты іс-шараны актер Алматыдағы "Алатау" санаторийының банкет залында өткізді.



Дастеннің қалыңдығының аты Ботагөз. Өткен аптада қыз ұзату тойы жасалғаны туралы ақпарат тараған .Ал келін түсіру тойында жақын туысқандарынан  басқа Дастеннің әріптестері Максим Ақбаров, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Асылхан Төлепов сынды әртістердің қатысқан.


8. 22 шілде күні Әнші Ринат Малцагов сүйген жарың таңдады. Көпшілікке SuperStar KZ жобасы арқылы таныс болған әнші Ринат Малцагов Мәшһүр Жүсіп мешітінде “Астана аруымен” некесін қиды

9. Биыл шығыс әндерімен көрермендерді жаулап алған белгілі әнші Шамси шаңырақ көтерді.
Той кеше яғни 16 қыркүйек күні Алматы қаласында өткен. Шамсидің жүрегін жаулап алған арудың есімі Зухра. Той қонақтарының қатарында Нұрлан Еспанов, Серікбол сынды әншілер болды.



10. Осы жылы белгілі танымал журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай шаңырақ көтерді. Кеше Алматы қаласында екі жастың үйлену тойы өтті. Жарының есімі — Айғаным.



Бұл заңды екінші некесі. Алғашқы отбасынан Мүслім есімді ұлы бар. Бүгінде Мүслім нағашы атасы мен əжесінің тəрбиесінде.  Ал əкесі Асхат Садырдай ұлымен араласып, көмек көрсетіп тұрады екен.




11.  Белгілі қазақстандық тележүргізуші Алан Черкасов отбасын құрды. Алан өмірлік жұбайы ретінде FM  тобының әнші Анастасия Клещенконы таңдады.

Жұлдызды жұптар бағдарламалық түсірілім барысында танысқан. Тағам әзірлейтін шоудың жүргізушісі Алан, қонаққа Анастасияны шақырған.  Осылай басталған таныстыққа, аттай 6 жыл болыпты. 
1427450041f1phv
12. «Кешю» тобында ән салып, талай жігіттің арманына айналған Айдана топтан кеткен соң, тұрмысқа шықты. Айдананың таңдауы «Индиго» және «FM» топтарының продюсері Әлішер Нұржанов болды. Алматы қаласында өткен той 22-наурызда өтті. 


13. Тағы бір «Кешю» тобының бұрынғы мүшесі  Мөлдір Әуелбекованың үйлену тойы желтоқсан айында өтті.


Той киелі Тараз шаһарында өтіп, талай өнер жұлдыздарыңың басын біріктірді. Олардың ішінде жақында ғана шаңырақ көтерген Асхат Садырбай, әнші Мейрамбек Беспаев, Райым Уайыс, Меруерт Мүсрәлі, Жанар Айжанова, Ұшқын Жамалбек және тағы да басқалары болды. 

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    6779
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии