26 Февраль
03:26
Астана: -17 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 319.65
EUR/KZT: 393.33
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.47
Кербез
12 ақпан 11:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Көздегі бояуды ұзақ сақтаудың 3 құпиясы

Қазір барлық қыздар дерлік күні бойы мейкаппен жүреді. Ол өңіңіздің шаршағанын да, бөрткенін де жасыра алатын күші бар. Бірақ көпшілік таңнан кешке дейінгі жұмыста мейкап бір қалыпты сақталмайды деп шағымданады. Өйткені көздің бояуы бастапқы қалпын сақтамайды-мыс.Ал оның сыры аздаған құпияны білмеуде екен. Бүгін көздегі бояудың ұзақ сақталуы үшін ескеретін 3 ережені сіз үшін жариялаймыз.1-ереже

Алдымен қабақтың терісі таза болуы керек. Бетке кремдерді жағып болған соң, қабақты құрғақ мақтамен сүртіп тазартқан дұрыс. Өйткені терінің майлылығы тегіс бояуға кедергі болады. Тень жағудан бұрын арнайы праймер пайдаланғаныңыз жөн. Праймер - макияж астына қолдануға арналған база. Ол терінің тегіс болуына ықпал етеді, нәтижесінде мінсіз қабақ терісі шығады.

2-ереже

Мінсіз бояудың тағы бір құпиясы жаққыштарда (кисточки) жатыр. Тәртіп бойынша сізде екі түрлі жаққыш болу керек, оның бірі жалпақ келген жаққыш, онымен теньді қабаққа жағасыз. Ал екінші үлпілдек келген жаққышпен бояу үстінен теріні ұқыпты бояйсыз. Макияждың сәтті шығуына жаққыштар мен теньдердің де сапасы өте маңызды. Сондықтан тексеруен өткен таңдаулыларын сатып алыңыз.

3-ереже

Мінсіз макияжға соңғы қадам - фиксация. Ол үшін сізге ұнтақ сияқты опа қажет. Бұл әдіс өте оңай, опа жағуға арналған көлемді жаққыштың көмегімен опаның аз мөлшерін қабаққа сүртесіз. Бұл әдіс еріндегі далаптың да ұзақ сақталуына көмектесетінін естеріңізге саламыз.

Дереккөзі: ernur.kz
 
нравится:    62
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии