19 Август
22:45
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
11 тамыз 11:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Көздің көруін жақсартатын тағамдар


Бүгінде әлем медицинасындағы басты мәселе көз аурулары болып отыр. Статистика мәліметіне сүйенетін болсақ шамамен 284 млн адам көз ауру проблемасына шалдықса, олардың 34 млн жуығы мүлдем көз жанарсыз қалған. Қос жанардың саулығы – баға жетпес байлық.Адам өзінің көру қабілетін табиғаттын сыйы деп біліп, оны бағалай білуі тиіс.

Темекіден бас тартып, компьютердің алдында ұзақ уақыт отырмаудың өзі көзімізді көптеген аурудан сақтап қалады. Ең алдымен көзіміздің көруін жақсарту үшін пайдалы тағамдарды көп тұтынуымыз қажет. Назарларыңызға көз күтіміне пайдалы тағамдарды ұсынамыз.

Жұмыртқаның сары уызы
Жұмыртқа емдік тағамдар қатарына жатады. Ал оның құнды бөлігінің бірі - сары уызы. Оны ең зиянды өнімдердің бірі дейтіндер де бар. Бірақ ағылшындық дәрігер Пол Догерти ол тұжырымды теріске шығарды. Жұмыртқаның сары уызы лютеиннің қайнар көзі. Бұл антиоксидант бос радикалдармен күреседі. Көбіне бұл ауруға жасы 65-тен асқан адамдар душар болады. Оларға жұмыртқаның сары уызын шикі күйінде жеген дұрыс. 

Өсімдіктер
Қандай тағам жасасақ та өсімдіктерді қосуды ұмытпайық. Олардың құрамында лютеин өте көп. Сондықтан көз ауруларының алдын алады.

Майлы балықтар
Лосось, скумбрия, тунец, анчоус сынды балықтардың дәмі де тәтті, пайдасы да мол. Олардың құрамында майлы қышқылдар өте көп. Ал ол қышқылдар біздің көру клеткаларымызды жақсартады.

Цитрусті жеміс-жидектер
Цитрусті жеміс-жидектерді біздің көзімізге пайдалы деп есептейді. Өйткені олардың құрамында дәрумендердің барлық түрі кездеседі. А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле түсуден қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі. Себебі катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындайды, көздің көруі нашарлайды. Сондықтан цитрусті жеміс-жидектердің көз ауруларына қарсы көмегі көп.

Сәбіз
Сәбіз жалпы адам денсаулығына пайдалы көкөніс. Ол көздің көруін жақсартады. Өйткені құрамында лютеин мен бета-каротин бар. Ал бета-каротиннің құрамындағы дәрумендер көзге мол әсерін тигізеді.

Миндаль
Миндаль басқа да жаңғақтар секілді дәрумендерге бай. Жоғарыда айтқандай дәрумендер катарактадан құтқарады. Күнделікті миндаль жеп тұрсаңыз, Е дәруменімен құнарланасыз.

Айта кетейік, мамандардың айтуынша көзге жасыл түс аса пайдалы көрінеді. Жасыл түске ұзақ қарасаңыз, ол көздің шаршауын басып, жүйке жүйесін жайландырады. Сондықтан бөлмеңізде жасыл түстің көбірек болуын қадағалаңыз.

Дереккөзі: BAQ.KZ 
нравится:    3691
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии