25 Сентябрь
01:26
Астана: -4 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Авто
9 наурыз 10:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қозғалтқышты қалай жуған дұрыс?

Автокөліктің таза емес қозғалтқышы айтарлықтай қауіпті емес. Дегенмен,  бұл көлігіңіздің жүрісіне әсер ететіні сөзсіз. Қозғалтқышты жуу оңай шаруа емес. Ал оны дұрыс жууды кез-келген адам біле бермейді.

Лас қозғалтқыш көліктің жүрісіне қалай әсер етеді?

Біріншіден: қозғалтқыштың  лас болуы ондағы сұйықтықтардың қалыпты жағдайын немесе аққанын бақылауға қиындық туғызады.

Екіншіден:  таза емес қозғалтқышта жылу шығару жүйесі нашарлайды. Бұл оның қызып кетуіне себеп болуы мүмкін.

Үшіншіден: Жуылмаған қозғалтқыштың күші азайып, артық май қолдануы мүмкін. Бұл оның істен шығуына алып келетінін барлығы жақсы біледі.

Төртіншіден:  Мүлдем тазаланбаған, май сіңіп қалған қозғалтқыштан өрт шығу қауіпі бар.


Сонымен, қозғалтқышты қалай жуған дұрыс?

Ең алдымен қозғалтқышты үлкен қысыммен жууға болмайтынын есіңізден шығармаңыз. Өйткені, судың қатты қысымы бөлшектердің тот басуына және орындарынан жылжып кетуіне алып келеді.

Үйдегі кірсабын немесе басқа да кір жуу ұнтақтары тежегіш жууға жарамайды. Ол үшін дүкеннен арнайы тежегіш жуатын сусабын сатып алыңыз. 

Полиэтиленмен барлық тоқтарды, генераторды, ауа шығарғыш филтірлерді су өтпестей етіп жабыңыз.

Қозғалтқыш жуу барысында жылы болуы тиіс. Ол үшін алдын-ала көлігіңізді қыздырып алыңыз.

Көлігіңіздегі аккумуляторды шешіп алыңыз.

el.kz
нравится:    761
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии