19 Ноябрь
18:12
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
25 мамыр 09:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚР АШМ Қазақстанда киіктердің қырылу себептерін анықтау үшін ФАО сарапшыларын тартпақ
ҚР АШМ Қазақстанда киіктердің қырылу себептерін анықтау үшін ФАО сарапшыларын тартпақ, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.«Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков және Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік ұйымының бас директоры Жозе Грациану да Сильва Қазақстан Республикасы Үкіметімен Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық және азық-түлік ұйымы арасында ФАО серіктестікпен байланыс, Қазақстан Республикасына техникалық жәрдемдесу қызметін ұсыну және ФАО/Қазақстанның серіктестік бағдарламасының дамуы бойынша Бюроның ашылуы жөнінде келісімге қол қойды.


Келісім 8-ші Астана экономикалық форумы шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Панельдік сессиясына қатысқан ФАО бас директоры Жозе Грациану да Сильваның келуіне орай қойылды.
Келісім шеңберінде тараптар техникалық мамандарды тарту, ауыл шаруашылығының басымды бағыттары бойынша техникалық жәрдемдесу (мал шаруашылығы, ветеринария, өсімдік шаруашылығы) жобаларын іске асыру бойынша бірлесіп жұмыстарды жүргізуге келісті.
Қазақстан Республикасында ФАО өкілдігінің ашылуы Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халықаралық координацияны күшейтудің маңызды көрсеткіші болып табылады. Республиканың әлемдік нарықтарға экологиялық таза және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкіншілігін ескере отырып, Қазақстан үшін ашылатын кеңсе ФАО және оның құрамына кіретін елдермен тығыз ынтымақтастық жүргізудің негізі болады.
Қазіргі уақытта «Агробизнес - 2020» бағдарламасымен қарастырылған Қазақстанның ауыл шаруашылығының алдында қойылған өзекті мәселелерді шешуде ФАО тарапынан ұсынылатын ақпараттық ресурстар, техникалық және кеңестік қолдау маңызды рөлді атқарады», - деп жазылған ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 
нравится:    698
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии